📍 Суды үнемдеу технологиялары суармалы егіншілік дамыған аймақтарда қарқынды енгізілуде
Биыл заманауи суару жүйелерімен қосымша қамтылған 158,8 мың гектардың шамамен 50 мың гектары Түркістан облысына тиесілі болып отыр. Алматы облысында бұл көрсеткіш 25,5 мың га, Қызылорда облысында 19,2 мың га, Жетісу облысында 11,8 мың га, Жамбыл облысында 10,2 мың га құрады.
📈 Су үнемдеу технологияларын мемлекеттік қолдау артып келеді
Мұндай жүйелерді сатып алу және орнату шығындарын өтеу үлесі 60%-дан 80%-ға дейін, ал оларды пайдаланған кезде суару суының құнын субсидиялау көлемі 50%-дан 85%-ға дейін ұлғайтылды. 2026-2028 жылдары су үнемдеу технологияларын инвестициялық субсидиялауға 214,6 млрд теңге қарастырылған. Бұл алдыңғы үш жылдық кезеңмен салыстырғанда шамамен төрт есе көп.
🏭 Отандық зауыттар саны төрттен жетіге дейін өсті
Екі жылда осы сегменттегі отандық кәсіпорындардың саны төрттен жетіге дейін өсті. Олардың жиынтық өндірістік қуаты жылына 3 390 жаңбырлатқыш машинаны құрайды. Бұл шамамен 205 мың га жерді суаруға жеткілікті. Еліміздің жыл сайынғы ішкі қажеттілігі 1000-1200 машина болған жағдайда, қазіргі өндіріс көлемі шаруалардың сұранысын жалпы алғанда толық қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.