📌 Отбасының әлеуметтік жағдайын жан-жақты бағалау, тұрмыстық мәселелерін анықтау және қажетті әлеуметтік қолдау түрлерін белгілеу мақсатында тиісті жұмыстар атқарылды.
🔹 Зерделеу жұмысының негізгі мақсаты – отбасының тұрмыстық және әлеуметтік жағдайын саралау, өзекті мәселелері мен қажеттіліктерін анықтау, сондай-ақ қолданыстағы мемлекеттік қолдау шаралары арқылы отбасыға қажетті көмекті ұйымдастыру.
🔹 Осы мақсатта «Аяла»отбасын қолдау орталығының мамандары, мобильді топ мүшелерімен бірлесіп отбасының тұрғылықты мекенжайына барып, әлеуметтік-тұрмыстық жағдайына зерделеу жүргізді.
🤝 Кездесу барысында отбасы мүшелерімен әңгімелесу өткізіліп, олардың мәселелері мен қажеттіліктері анықталды. Анықталған жағдайға сәйкес қажетті қолдау көрсету және тиісті қызметтерге бағыттау мәселелері қарастырылды.