🚀 V ӨҢІРЛІК ITU HACKATHON-2026 БАСТАЛАДЫ!

0

💡 Идеяң бар ма? Оны нақты жобаға айналдырып, өз мүмкіндігіңді көрсететін уақыт келді!
Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінде V өңірлік ITU HACKATHON-2026 өтеді!
Биылғы хакатонның басты ерекшелігі — BCC Bank ұсынған нақты кейс бойынша технологиялық шешім әзірлеу! 💻

📌 ХАКАТОН ҚАЛАЙ ӨТЕДІ?
🔹 6–20 қараша — командаларды тіркеу және жобаларды қабылдау
🔹 21–26 қараша — жобаларды онлайн іріктеу
🔹 27 қараша – 3 желтоқсан — финалистерге менторлық қолдау, воркшоптар мен тәжірибелік кездесулер

🔥 4 ЖЕЛТОҚСАН — ҮЛКЕН ФИНАЛ!
Іріктеуден өткен үздік 15 команда өз жобаларын сарапшылар мен банк өкілдерінің алдында қорғайды.
👥 Команда құрамы: 1–5 қатысушы

/🎯 СЕНІ НЕ КҮТЕДІ?
✅ Нақты банк кейсімен жұмыс
✅ Тәжірибелі IT мамандардан кеңес
✅ Жаңа білім мен пайдалы таныстықтар
✅ Өз идеяңды көпшілікке таныстыру мүмкіндігі

🏆 ЖАЛПЫ ЖҮЛДЕ ҚОРЫ — 1 000 000 ₸

🔥 Бұл — өзіңді сынап, жаңа деңгейге шығуға тамаша мүмкіндік!

Leave A Reply

Your email address will not be published.