🥇 22 жастағы Қадырбек Шынбаев Жапонияның Айти–Нагоя қалаларында өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарының алтын медалін жеңіп алды. Қазақстан ұлттық құрамасының өкілі аралас жекпе-жектен (ММА) modern дисциплинасында 71 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде топ жарды. ММА биыл Азия ойындарының бағдарламасына алғаш рет енгізілді. Қадырбек Шынбаев осы спорт түрінен Азия ойындарының алтынын жеңіп алған екінші қазақстандық атанды. Айта кетейік, Қадырбек Шынбаев бұған дейін де халықаралық аренада жоғары нәтижелер көрсеткен. 2026 жылдың қаңтарында ол ересектер арасында ММА-дан Азия чемпионы атанды. Құрлық біріншілігінде қазақстандық спортшы Моңғолия, Қытай, Қырғызстан және Тәжікстан өкілдерін жеңді.

0

🥇 22 жастағы Қадырбек Шынбаев Жапонияның Айти–Нагоя қалаларында өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарының алтын медалін жеңіп алды.

Қазақстан ұлттық құрамасының өкілі аралас жекпе-жектен (ММА) modern дисциплинасында 71 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде топ жарды.

ММА биыл Азия ойындарының бағдарламасына алғаш рет енгізілді. Қадырбек Шынбаев осы спорт түрінен Азия ойындарының алтынын жеңіп алған екінші қазақстандық атанды.

Айта кетейік, Қадырбек Шынбаев бұған дейін де халықаралық аренада жоғары нәтижелер көрсеткен. 2026 жылдың қаңтарында ол ересектер арасында ММА-дан Азия чемпионы атанды. Құрлық біріншілігінде қазақстандық спортшы Моңғолия, Қытай, Қырғызстан және Тәжікстан өкілдерін жеңді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.