🇬🇷 Грекия елінде өткен еркін күрестен халықаралық жарыста Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының №18 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің спортшысы Ясыр Султан жүлделі ІІ орынға ие болды! 🥈👏
🤼♂️ Жаттықтырушысы — Арли Сангуй.
🎉 Ясыр Султанды және жаттықтырушысы Арли Сангуйді осы айтулы жетістіктерімен шын жүректен құттықтаймыз!
💪 Бұл — тынымсыз еңбектің, табандылықтың және спортқа деген жігердің жемісі!
🏆 Алдағы додаларда да көк туымызды көкке көтеріп, биік белестерді бағындыра берулеріңізге тілектеспіз! 🇰🇿🔥
Жеңісті жолдарыңыз жалғаса берсін! 👏🥇