15064 ГА ЖАЙЫЛЫМ ЖЕР МЕМЛЕКЕТ МЕНШІГІНЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ

0

2023 жылы AMANAT партиясының бас-тамасымен жүзеге асып жатқан «Жер аманаты» жобасы бойынша  мемлекет меншігіне игерілмей жатқан 15000 га жер қайтару жоспарланған.

Бүгінгі таңда Қордай ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі мен «Жер аманаты» комиссиясының жүргізген жұмыстары-ның нәтижесінде 15064 га жайылым жер мемлекеттік жер қорына қайтарылып, жоспар 100,4 пайызға орындалды. «AMANAT»-тың басты міндеттерінің бірі – қайтарылған жердің халық арасында әділ бөлінуіне бақылауды қамтамасыз ету.

«Жер аманаты» жобасы бойынша  пайдаланылмай жатқан және заңсыз бөлінген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді мемлекет меншігіне қайтару ісі әлі де жалғасын табады.

Ата кәсіпті серік еткен ауылдағы азаматтардың жайылым мәселесі рет ретімен шешімін табатын болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.