17 наурыз – Шаңырақ күніне орай Қордай аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен тағылымы мол кездесу өтті. Іс-шара барысында отбасы құндылықтарын насихаттау мақсатында 40 жыл бойы бір шаңырақ астында тату-тәтті ғұмыр кешіп келе жатқан Баекеновтар әулетіне арнайы барып, құрмет көрсетілді.
Берекелі отбасының өмір жолы, өзара сыйластық пен түсіністікке негізделген өнегелі ғұмыры жас буынға үлгі екені айтылып, әулет иелеріне ақжарма тілектер мен ізгі лебіздер білдірілді.
Шаңырақ күні – отбасы бірлігі мен ұлттық құндылықтарды дәріптейтін ерекше күн. Осындай тағылымды кездесулер арқылы ұрпақтар сабақтастығы мен отбасылық құндылықтардың маңызы кеңінен насихатталуда.