Жамбыл облысында жол қозғалысы ережелерінің сақталуына бақылау күшейтілді

0

Жамбыл облысында жол қозғалысы ережелерінің сақталуына бақылау күшейтілді
Жамбыл облысында «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру аясында полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін бұзудың жолын кесуге бағытталған рейдтік іс-шаралар өткізді.
Негізгі назар көлік құралын мас күйде басқару, қарсы бағыттағы қозғалыс жолағына шығу және жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзудың өзге де деректерін анықтауға аударылды.
Құқық бұзушылар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылды.
Жол қозғалысына қатысушылармен профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, оларға жол тәртібін қатаң сақтау және жолдағы қауіпсіздік үшін жеке жауапкершіліктің маңыздылығы ескертілді.
Мұндай іс-шаралар тұрақты түрде өткізіліп, жол-көлік оқиғаларының алдын алуға және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

#Заңжәнетәртіп
#Законипорядок
#Жамбылоблысы
#Жамбылскаяобласть

Leave A Reply

Your email address will not be published.