2020 ЖЫЛДЫҢ ҚАЗАН АЙЫНАН 477 РЕЙД ЖҮРГІЗІЛІП, 1930 НЫСАН АРАЛАНҒАН

0

Індет елге жеткен кезде ауданда коронавирус жұқпасының таралуын алдын алу және жол бермеу бойынша арнайы штаб, сонымен бірге мемлекеттік органдардың іс-әрекеттерін үйлестіру мәселесімен айналысатын ведомствоаралық комиссия құрылып, жұмысын жүргізе бастаған болатын.

Осы орайда құрылған мобильді топтың да жұмысын ерекше атап өтпеске болмас. Аудандағы кәсіпкерлік нысандар мен ойын-сауық орындарына барлық санитарлық талаптардың сақталуын қатаң бақылауға алған топ жұмысы күндіз де түнде де жүргізіліп отырды. Нәтижесінде, талапқа көнбегендар айыппұл арқалап, кейбіріне ескертулер айтылды. Мәселен, 2020 жылдың қазан айынан осы күнге дейін арнайы топ мүшелері 477 рет рейдке шығып, 1930 нысанды аралаған. Бұл сол орындарда санитарлық талаптардың сақтауына үлкен әсер еткенін айта кеткен жөн.

2020 жылдың 1 қыркүйегінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына кезекті жолдауын арнайды. «ЖАҢА ЖАҒДАЙДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН: ІС-ҚИМЫЛ КЕЗЕҢІ», —  атты Жолдау пандемияға қарсы күрестегі жетістіктер мен қолға алынған шараларды бір пысықтап алып, алдағы уақытқа жос-пар құрудың нақты тетіктерін көрсетіп бергендей болды. «Елімізде жер-жаһанға зор қауіп төндірген пандемияға қарсы күрес әлі де жалғасуда. Біз азаматтардың өмірін және денсаулығын қорғау үшін бар күш-жігерімізді біріктірдік. Осындай сын сағатта ынтымағы жарасқан халқымыз жұдырықтай жұмылды. Індетпен күрес дана халқымызға тән асыл қасиеттердің арқасында жүзеге асты. Өзгеге қолұшын созып, тілеулес болу, тосыннан келген кеселге қарсы тұру маңызды екені анық байқалды. Дәрігерлерге, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне, әскери қызметшілерге, еріктілерге, кәсіпкерлерге және осындай шақта бейжай қалмаған барша азаматтарға шын жүректен алғыс айтамын. Сіздер айрықша табандылықтың және зор жауапкершіліктің жарқын үлгісін көрсеттіңіздер»,— деген еді Президент.

Әлемге жайылған пандемия әлі де айылын жиған жоқ. Онымен күрес жалғасуда. Бір жыл ішінде бір ғана Қордай ауданының өзінде көптеген жұмыстар қолға алынды, қауіпсіздік шараларын сақтай отырып ауданымыз құрылыс алаңына айналып, әлеуметтік нысандар бой көтеріп, халық тұрмысын жеңілдететін иігілікті істер қолға алынды. Ең маңыздысы, басты құндылық саналатын адам өміріне енді ондай үлкен қауіп төнбесе екен деп тілейміз.

Leave A Reply

Your email address will not be published.