ТҰРҒЫНДАР НАЗАРЫНА

3D illustration of blood test tubes with positive COVID-19 test in the center. Concept for laboratory sample of blood testing for diagnosis of the new Corona virus infection with selective focus.
0

Жамбыл облысы аумағында
Карантиндік шектеу шараларын жеңілдету туралы
ҚАУЛЫ

«11» ақпан 2022 жыл №4 Тараз қаласы

Мен, Жамбыл облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Шиналиев Байділда Сейділдаұлы, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі №360-VI ҚРЗ Кодексінің 38 — бабы 1-тармағының 7) тармақшасына, 104-бабы 7-тармағының 8) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің Қаулылары негізінде, эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасын ескере отырып, Жамбыл облысы 2022 жылдың 4 ақпанынан бастап «сары» аймаққа ауысты. ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 10 — қыркүйектегі «Карантиндік шектеу шаралары және оларды кезең-кезеңмен жеңілдету туралы» №42 Қаулысының 2-тармағының 8) тармақшасына сай карантиндік шараларды жеңілдету «қызыл» немесе «сары» аймақтан «жасыл» аймаққа көшкеннен кейін 7 күннен ерте жүргізілмейді, Жамбыл облысының халқы арасында COVID-19 коронавирус инфекциясының (бұдан әрі – COVID-19) алдын алу мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1.Тараз қаласының және аудандардың әкімдері, мемлекеттік органдар, ұйымдар мен кәсіпорындар, құқық қорғау және арнайы органдар, аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы мен «Атамекен» ӨКП басшылары (келісім бойынша) заңды және жеке тұлғаларға, меншік нысанына қарамастан, кәсіпкерлік субъектілеріне қамтамасыз етсін:
1) Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қолданыстағы Қаулыларының және Жамбыл облысының осы Қаулысының талаптарын орындау;
2) Жамбыл облысы аумағында әлеуметтік-экономикалық объектілер қызметін шектеу іс-шараларын жүргізу осы Қаулыға «Сары» (орташа эпидемиологиялық қауіп) аймақ үшін 1, 2-қосымшаларға(әлеуметтік-экономикалық объектілер жұмысын шектеу өлшемдері) сәйкес қабылданады;
2.Жамбыл облысының ішкі саясат басқармасы, Тараз қаласының және аудандардың әкімдері:
1) Бұқаралық ақпарат және әлеуметтік желілер арқылы облыс тұрғындары арасында COVID-19 инфекциясының таралуына қарсы қосымша қабылданған шаралар туралы халықты хабардар етуді қамтамасыз етсін;
2) Осы Қаулы барлық мүдделі ведомстволардың назарына жеткізілсін, халық бұқаралық ақпарат құралдары және әлеуметтік желілер арқылы хабардар етілсін.
3. Жамбыл облысы аумағында карантиндік шектеу шаралары туралы 2022 жылғы 28 қантардағы № 3 Қаулысы күші жойылды деп саналсын.
4.Осы Қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5.Осы Қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

Жамбыл облысының
Бас мемлекеттік
Санитариялық дәрігері Б.ШИНАЛИЕВ

Leave A Reply

Your email address will not be published.