2023 ЖЫЛДЫҢ 1 ҚАҢТАРЫНАН ЗЕЙНЕТАҚЫ, ЖӘРДЕМАҚЫ МӨЛШЕРЛЕРІН АРТТЫРУ ТУРАЛЫ

0

«Зейнетақы және жәрдемақы төлемдерін «2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2022 жылғы 1 желтоқсандағы №163-VII Заң жобасына сәйкес, 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап 129847 жасына байланысты зейнетақы төлемдерін алушылардың зейнетақы мөлшерлері 10,5 пайызға арттырылатын болады.
«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңының жобасына сәйкес, зейнетақы төлемдерін есептеу үшін ең жоғарғы табыс 01.04.2022 жылдың сәуірінен 146280 теңгені құраған болатын.
01.01.2023 жылдан бастап, 55 еселенген айлық есептік көрсеткішке ұлғайды, яғни жаңадан 2023 жылы тағайындалатын зейнетақы мөлшерін есептеу үшін ең жоғарғы табыс 189750 теңгені құрайды (55*3450).
2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап «2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңына сәйкес, ең төменгі зейнетақы мөлшері 53 076 теңге мөлшерінде (01.04.2022 жылы 48032 теңгені құраған) белгіленді. Осылайша, 2023 жылы ең төменгі зейнетақы төлемдері 77417 теңгені құрайды (ең төменгі зейнетақы және базалық зейнетақыны қосқанда).
Базалық зейнетақы мөлшері тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңына сәйкес белгіленеді. 2023 жылдың қаңтарынан 24341 теңге мөлшерінде белгіленген.
Базалық зейнетақыны бүгінгі күні Қордай ауданы бойынша 14721 зейнеткер алады.
Бала тууына байланысты біржолғы мемлекеттік жәрдемақы 2023 жылдың 1 қаңтарынан 131100 теңгені құрайтын болады.
Баланы және ананы қолдау жөніндегі мемлекеттік саясат аясында жанұяда төрт және одан да көп баланың туылуына байланысты біржолғы мемлекеттік жәрдемақы 2023 жылдың қаңтарынан жәрдемақы мөлшері 217350 теңгені құрайды.
Баланың бір жарым жасқа дейінгі күтімі бойынша мемлекеттік жәрдемақы республикалық бюджеттен отбасының табысына қарамастан төленеді. 2023 жылы 8,5 пайызға арттырылады:

Балалар саны 01.04.2022
жылғы мөлшері 01.01.2023
жылғы мөлшері
арттырылуы

АЕК-пен теңгемен АЕК-пен теңгемен
бірінші балаға … 5,76 18317 5,76 19872 1555
екінші балаға … 6,81 21656 6,81 23495 1839
үшінші балаға … 7,85 24963 7,85 27083 2120
төртінші және одан көп балаға … 8,90 28302 8,90 30705 2403

Қордай ауданы бойынша бұл өзгеріс 2023 жылы балалары бір жарым жасқа толатын 1500 бала күтімі бойынша жәрдемақы алушыларға әсерін тигізді.
Мүгедек баланы тәрбиелеушілерге ең төмен күнкөріс деңгейінің 1,4 мөлшерінде төленеді. Бұл төлем мүгедек балаға төленетін жәрдемақыға қарамастан жүргізіледі. Жәрдемақы көлемі 01.04.2022 жылдың қаңтарынан 52345 теңгені құраған. 2023 жылдың қаңтар айынан бастап аталған жәрдемақы мөлшері 8,5 пайызға артып, 56794 теңгені құрайды.
Бірінші топтағы мүгедекке күтім жасайтын 18 жастан асқан адамдарға арналған жәрдемақы 2023 жылдың қаңтар айынан бастап мөлшері 8,5 пайызға артып, 56794 теңгені құрайды.
«2023-2025 жылға арналған республикалық бюджет» туралы ҚР Заңына сәйкес 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар үшін ең төмен күнкөріс деңгейінің көрсеткіші 37389 теңгеден 40567 теңгеге өзгерді. Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың барлық түрлерінің мөлшерлері 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап, ең төменгі күнкөріс деңгейінің өзгеруіне байланысты арттырылады. Жамбыл облысында бұл өзгеріс мүгедектігі бойынша 3594 жәрдемақы алушылардың барлық санаттарын, асыраушысынан айырылуына байланысты 1478 жәрдемақы алушыларды қамтиды.
Міндетті мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру жүйесі Қазақстанда әлеуметтік қорғаудың екінші деңгейі ретінде, 2005 жылдан бастап жұмыс істейді. Сақтандырудың жұмыс істейтін азаматтар үшін бес түрі қарастырылған болатын — еңбек ету қабілетін жоғалту, асыраушысынан айырылу және жұмыстан айырылу жағдайлардан сақтандыру. Бүгінгі күнде меншік түріне қарамастан барлық өнеркәсіп пен мекемелер Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына өз жұмысшылары үшін еңбекақысынан 3,5% көлемінде есептеп, әлеуметтік салық есебінен жарналар төлейді. Қордай ауданы бойынша аталған төлемді алатын алушылардың саны 2924. Міндетті әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерлері 2023 жылдың 1 қаңтарынан 8,5 пайызға арттырылады.

2023 жылғы мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшерлерін келесі кестеден көруге болады:
Анықтама: ең төмен күнкөріс деңгей көрсеткіші (КД) 01.04.2022 жылы – 37389 теңге, 01.01.2023 жылдан – 405678 теңге.
Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік базалық жәрдемақылар

Мүгедектік санаттары Тобы 01.04.2022
жылғы мөлшері 01.01.2023
жылғы мөлшері Арттырылуы

КД-нен теңгемен КД-нен теңгемен
Жалпы аурулар, сондай-ақ , сәтсіз жағдайлардағы (қызметтен тыс) мүгедек болған ІІО мен әскери қыметкерлер 1 топ 1,92 71787 1,92 77889 6102
2 топ 1,53 57206 1,53 62068 4862
3 топ 1,04 38885 1,04 42190 3305
7-жасқа дейінгі мүгедек-балалар 1,40 52345 1,40 506794 4449
7 жастан 18-ге дейінгі мүгедек-балалар 1 топ 1,92 71787 1,92 77889 6102
2 топ 1,59 59449 1,59 64502 5053
3 топ 1,40 52345 1,40 56794 4449
Балалық жастан мүгедектер 1 топ 1,92 71787 1,92 77889 6102
2 топ 1,59 59449 1,59 64502 5053
3 топ 1,20 44867 1,20 48681 3814
Мерзімдік қызмет етуші әскери қызметкерлері, ядролық апаттарды жоюшылар, экологиялық ықпал ету әсерінен болған мүгедектер 1 топ 2,81 105064 2,81 113994 8930
2 топ 2,40 89734 2,40 97361 7627
3 топ 2,01 75152 2,01 81540 6388
Қызметтік міндеттерін атқару барысындағы мүгедектік алған ІІО мен әскери қызметкерлері 1 топ 3,44 128619 3,44 139551 10932
2 топ 2,65 99081 2,65 107503 8422
3 топ 2,01 75152 2,01 81850 6388

Асыраушысынан айырылуына байланысты мемлекеттік әлеуметтік базалық жәрдемақылар

Еңбекке жарамсыз отбасы мүшелерінің саны Отбасының бір мүшесіне (КД-нен) 01.01.2021жылғы мөлшері 01.01.2022 жылғы мөлшері Арттырылуы
(теңге)
КД-нен теңгемен КД-нен теңгемен
еңбекке жарамсыз 1 мүшеге КД-нен 0,86 0,86 32155 0,86 34888 2733
еңбекке жарамсыз 2 мүшеге КД-нен 1,49 1,49 55710 1,49 60445 4735
еңбекке жарамсыз 3 мүшеге КД-нен 1,85 1,85 69170 1,85 75049 5879
еңбекке жарамсыз 4 мүшеге КД-нен 1,96 1,96 73283 1,96 79512 6229
еңбекке жарамсыз 5 мүшеге КД-нен 2,03 2,03 75900 2,03 82352 6452
еңбекке жарамсыз 6 және одан да көп мүшеге КД-нен 2,11 2,11 78891 2,11 85597 6706
Толық жетімдерге (әр балаға)
Осы отбасындағы қалған мүшелеріне КД-нен 1,18
КД-нен 0,54 1,18
0,54 44120 1,18
0,54 47870 3750

«2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет» туралы ҚР Заңының жобасына сәйкес 2023 жылы айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшері 3180 теңгеден 3450 теңгеге өзгерді. Қордай ауданы бойынша 2 мемлекеттік арнайы жәрдемақы алушылардың (№1,№2 Тізімдер бойынша) мөлшерлері 8,5 пайызға арттырылады.

Анықтама: (АЕК) 01.04.2022 жылы – 3180 теңге, 2023 жылы – 3450 теңге:
Мемлекеттік арнайы жәрдемақы (№1, №2 тізімдер бойынша жұмыстар)

Жәрдемақы атауы 01.04.2022 жылғы мөлшері 01.01.2023 жылғы мөлшері Арттырылуы
(теңге)
АЕК-тен теңгемен АЕК-тен теңгемен
№1 тізім бойынша арнайы мемлекеттік жәрдемақы 9,42 29956 9,42 32499 2543
№2 тізім бойынша арнайы мемлекеттік жәрдемақы 8,38 26649 8,38 28911 2262

Арнаулы мемлекеттік жәрдемақылардың (нағыз жеңілдіктер орнына) мөлшерлері де АЕК-тің өсуіне байланысты өзгерді. 2023 жылға арнаулы мемлекеттік жәрдемақыларды есептеу үшін АЕК мөлшері 3450 теңге көлемінде белгіленді (01.04.2022 жылы — 3180 теңгені құраған).
Арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар (нағыз жеңілдіктер орнына).

Жәрдемақы атауы 01.04.2022 жылғы мөлшері 01.01.2023 жылға мөлшері Арттырылуы
(теңге)
АЕК-тен теңгемен АЕК-тен теңгемен
Социалистік еңбек Ерлері, үш дәрежелі Еңбек Даңқы орденінің иегерлері.. 138,63 440844 138,63 478274 37430
ҰОС қатысушылары 16,00 50880 16,00 55200 4320
ҰОС мүгедектері 16,00 50880 16,00 55200 4320
ҰОС қатысушыларына теңестірілген тұлғалар 6,19 19685 6,19 21356 1671
ҰОС мүгедектеріне теңестірілген тұлғалар 7,55 24009 7,55 26048 2039
ҰОС-да қаза тапқан жауынгерлердің жесір әйелдері 4,48 14247 4,48 15456 1209
қайтыс болған әскери қызметкерлерінің отбасылары 4,59 14597 4,59 15836 1239
қайтыс болған ҰОС қатысушылар мен мүгедектерінің әйелдері (күйеулері)… 2,56 8141 2,56 8832 691
ҰОС жылдарындағы тыл еңбеккерлері 2,13 6774 2,13 7349 575
1988-89ж.ж. ЧАЭС-ғы апат салдарын жоюға қатысушылар… 6,19 19685 6,19 21356 1671
1-2 топтағы мүгедектері 1,49 4739 1,49 5441 402
3-топтағы мүгедектері 0,64 2036 0,64 2208 172
саяси қуғын-сүргін құрбандары 1,07 3403 1,07 3692 289
ҚР сіңірген еңбегі үшін дербес зейнеткерлер 1,07 3403 1,07 3692 289
«Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілген тұлғалар 138,63 440844 138,63 478274 37430

Жоғарыда аталған іс-шараларды орындау мақсатында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Жамбыл облысы бойынша филиалы мен Әлеуметтік қамтамасыз ету бойынша Қордай аудандық бөлімімен зейнетақы және жәрдемақы мөлшерлерін арттыруға шешім жобалары дайындалып, Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Жамбыл облысы бойынша Департаменті арқылы бірлескен жұмыстар атқарылды. Жаңа мөлшердегі төлемдер 2023 жылғы қаңтардың бірінші жұмыс күнінен бастап, яғни 2023 жылдың 9-ші қаңтарынан бастап төленуде.
А.Дарибаева, әлеуметтік қамтамасыз ету бойынша Қордай аудандық бөлімінің басшысы

Leave A Reply

Your email address will not be published.