2024 жылғы Қордай ауданы бойынша статистикалық ақпарат

0

«Статистикалық есептерді онлайн режимде қабылдау» АЖ енгізуге байланысты респонденттерге есептілікті электрондық түрде «Респондент кабинеті» https://cabinet.stat.gov.kz арқылы тапсыру мүмкіндігі бар.

Алғашқы статистикалық деректерді электрондық түрде онлайн режімінде тапсыруды ұсынамыз. Сонымен қатар есептілікті тапсыру мерзімінің соңғы күні серверге шамадан тыс жүктеме түсуінің алдын алу мақсатында, статистикалық нысанды жоғарыда аталған мерзімнен бұрын ұсынуларыңызды сұраймыз.

Ол үшін респонденттер Халыққа қызмет көрсету орталықтарынан (ХҚКО) аутентификация құралдарын және электрондық цифрлық қол таңбаны (ЭЦҚ) алу қажет. ЭЦҚ-ны алу үшін бизнес-сәйкестендіруші нөмірі (БСН)/ жеке сәйкестендіруші нөмірі (ЖСН) бар заңды тұлға/жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелуі туралы куәлігі болуы тиіс.

Аутентификация құралдарын және ЭЦҚ-ны беру ХҚКО-да орналасқан Ұлттық куәландырушы орталықтың Тіркеу орталықтарында жүзеге асырылады. Тіркеу орталықтарының тізбесі ҰКО-ның http://pki.gov.kz/index.php/ru/. сайтында қол жетімді.

Алғашқы статистикалық деректерді белгіленген мерзімдерде ұсына алмаған жағдайда Сіз тіркелеген орныңыз бойынша аумақтық статистика органдарына жүгінуіңіз қажет. Мұның өзінде алғашқы статистикалық деректерді уақтылы ұсынбау, ол Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235 V Кодекстің 497-бабына сәйкес жазалауға әкеп соғады.

Консультация алу үшін қолданыстағы кері байланыс арналары-1446 бірыңғай байланыс орталығы, Telegram — Bot @Statgovkz_bot немесе» Онлайн-консультант «модулі бойынша «Бюроның Фронт-офисіне» хабарласуға болады интернет-ресурсе  https://stat.gov.kz/ru/respondents/.

Және статистикалық нысандарға қатысты барлық сұрақтарыңыз бойынша мына телефонға хабарласыңыздар — 8 (72636) 2-10-39.

Қордай аудандық статистика басқармасы

Leave A Reply

Your email address will not be published.