КММ ұйымдастыруымен «Достық керуені» жобасы Жуалы ауданында жалғасын тапты. Республика күніне орайластырылған ауқымды іс-шара өңірдегі этностардың мәдени мұрасын дәріптеуге, ұлттық құндылықтарды насихаттауға және қоғамдық келісім мен ел бірлігін нығайтуға бағытталды.
Мәдениет пен дәстүр – достықтың негізі
«Достық керуенінің» Жуалы ауданындағы бағдарламасы Б. Момышұлы ауылындағы аудандық мәдениет үйінің алдында басталды. Мұнда «Аудан этностарының мәдениеті мен дәстүрі күні» атты көрме ұйымдастырылды.