Сабақтарда ел тарихы, егемендіктің маңызы мен ұлттық құндылықтар туралы айтылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Осындай тәрбиелік іс-шаралардың бірі Қадыр Мырза Әлі атындағы BINOM SCHOOL мектеп-лицейінде өтті. Сынып сағаттарының тақырыптары оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай таңдалды. Бастауыш сыныптарда «Менің Қазақстаным», ал 9-11-сыныптарда «25 қазан – Республика күні» тақырыптары қамтылды.
Төменгі сынып оқушылары туған жер, Отан және мемлекеттік рәміздер туралы білімдерін толықтырды. Ал жоғары сынып оқушылары Қазақстанның егемендікке қол жеткізу жолын, тәуелсіздіктің тарихи негіздері мен елдің даму кезеңдерін талқылады.