🔰 Ағымдағы жылдың 22 мамыр күні Жамбыл облысы әкімдігінің ақпарат және қоғамдық даму басқармасы «Жастар ресурстық орталығы» КММ және Жамбыл облысы Полиция департаментінің бірлескен жоспарына сәйкес, «Қоғам сақшысы» жобасы аясында түнгі рейдтік жұмыстар жүргізілді.
🔰 Рейд барысында: Кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдердің түнгі 22:00-ден кейін ойын-сауық орындарында, 23:00-ден кейін көшеде жүрген фактілері анықталды. Аталған жағдайлар бойынша ата-аналары шақыртылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді, ескерту хаттамалары толтырылды.
🔰 Құрметті ата-аналар!
Балаларыңыздың қауіпсіздігі — сіздердің тікелей жауапкершіліктеріңізде екенін естен шығармауларыңызды сұраймыз. Олардың бос уақытын тиімді ұйымдастырып, түнгі уақытта бақылауда ұстау – қоғам тыныштығы мен жас ұрпақтың болашағы үшін аса маңызды.
🔰 Бірлесе әрекет етсек – қауіпсіз қоғам құра аламыз!
Prev Post