14 тамыз күні ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Ғалым Шойкин мен ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ілияс Буларов жұмыс сапарымен Қордай ауданында болды.
Жұмыс сапарының басты мақсаты этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясаттың басымдықтарымен танысу, мемлекеттік органдардың, сондай-ақ қоғамдық құрылымдардың және азаматтардың өңірдегі этносаралық бейбітшілік пен келісімді нығайту жөніндегі жұмысының тиімділігін арттырудың өзекті мәселелерін талқылау үшін көпэтносты елді мекендердің тұрғындарымен кездесу болды.
Масаншы және Сортөбе ауылдарындағы кездесулерге этномәдени бірлестіктердің мүшелері, қоғам белсенділері, жастар өкілдері, имамдар, мемлекеттік мекеме қызметкерлері және т.б. қатысты.
Ғалым Шойкин өз сөзінде елімізде бейбітшілік пен келісім әрқашан мемлекеттік саясаттың басты басымдықтары болып табылатынын атап өтті. Сонымен бірге этносаралық татулықтың сақталуы мен дамуы тек мемлекетке ғана емес, еліміздің әрбір азаматының қосатын үлесіне де байланысты.
Этнос пен тілге қарамастан, азаматтар құқықтарының теңдігін қамтамасыз ету, ксенофобияға жол бермеу қажеттілігі ерекше аталып өтілді. Дәл осы факторлар еліміздегі этносаралық келісім мен тұрақтылықтың негізі болып табылады.
Мемлекет пен қоғамның маңызды міндеттері Қазақстан халқының бірлігін нығайту, қоғамда азаматтық бірегейлікті қалыптастыру, сондай-ақ этносаралық шиеленістің алдын алу. Этносаралық қарым-қатынастарды, түрлі этностар өкілдері арасындағы өзара іс-қимыл мен ынтымақтастықты дамыту, стереотиптерді еңсеру үшін бірлескен іс-шаралар өткізу, әртүрлі салалардағы адамдар арасындағы қарым-қатынас пен достық тәжірибесін қалыптастыру және ақпараттық қамту қажеттігі баса айтылды.
Сонымен қатар этностарды біріктірудің ең тиімді жолы және барша қазақстандықтарды біріктіруші фактор ретінде мемлекеттік тілді білудің маңыздылығы атап өтілді.
Масаншы және Сортөбе ауылдарының тұрғындарымен кездесу форматы қатысушыларға еркін пікір алмасуға, халықты толғандыратын өзекті мәселелер бойынша өз көзқарастарын білдіруге мүмкіндік берді. Ғалым Шойкин азаматтардың әр сауалына жан-жақты жауап беріп, ұсыныстарын айтты.
ЭТНОСАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫ ДАМЫТУ
Prev Post
Next Post