Қордай ауданы әкімінің 2026 жылғы 6 қарашадағы № 87 ө-ж/қ өкімімен Құттықов Бақытжан Бауыржанұлы Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.
Құттықов Бақытжан Бауыржанұлы 1987 жылы 28 қарашада Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Бетқайнар ауылында дүниеге келген.
Білімі — жоғары.
2013 жылы Жамбыл гуманитарлық-техникалық университетін «Қаржы» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2012 жылы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетіне қарасты «Республикалық эпизоотияға қарсы отряд» мекемесінің Қордай аудандық «Қарасу» бекетінде дезинфектор болып бастаған.
2014 жылдан 2021 жылға дейінгі аралықта «Чайзат» шаруа қожалығы басшысының орынбасары лауазымында және ветеринариялық бақылау саласында жауапты қызметтер атқарды.
2021 жылдың қыркүйегінен 2026 жылдың қараша айына дейін Бетқайнар ауылдық округінің әкімі қызметін атқарды.
Отбасылы, бес баланың әкесі.