ТАҒАЙЫНДАУ

0

Қордай ауданы әкімінің 2022 жылғы 15 тамыздағы № 275ө-ж/қ өкімімен УРУСТЕМОВ ТАЛГАТ БОЛАТОВИЧЖамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі басшысының міндетін атқарушы болып тағайындалды.
Урустемов Талгат Болатович, 1987 жылы 09 қыркүйекте Жамбыл облысы Қордай ауданы Степной ауылында дүниеге келген.
Ұлты-қазақ.
Білімі–жоғары.
2009 жылы Қырғыз мемлекеттік сәулет және көлік құрылысы университетін «инженер» мамандығы, 2011 жылы Жамбыл гуманитарлық — техникалық университетін «құқық» мамандығы бойынша аяқтаған.
Еңбек жолын 2008 жылы Жастар орталығында жастармен жұмыс жүргізу инструкторы болып бастаған.
2008 – 2012 жылдары Қордай және Степной ауылдарындағы Жастар орталығында жастармен жұмыс жүргізу инструкторы, сектор меңгерушісі қызметтерін атқарған. 2012 – 2015 жылдары «Нұр Отан» партиясының Қордай аудандық филиалында кеңесші, есеп және статистика секторының меңгерушісі болған. 2016 жылдың сәуір айынан тамыз айы аралығында Қордай аудандық мәслихатында мұрағатшы, әдіскер болып, тамыз айынан бастап қараша айы аралығында бас маман – заңгер болған. 2016-2017 жылдары Қордай аудандық сотының бас маманы, 2017-2018 жылдары Қордай аудандық сотының бас маман – сот мәжілісінің хатшысы, 2018-2021 жылдары Қордай ауданы Бетқайнар ауылдық округінің әкімі, 2021 жылдың шілде айынан қазан айы аралығында Қордай ауданы әкімдігінің тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының міндетін атқарушы, 2021 жылдың қазан айынан бастап 2022 жылдың қаңтар айы аралығында «Достан» шаруа қожалығында орынбасар, 2022 жылдың қаңтар айынан тамыз айы аралығында Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Қордай ауданы білім бөлімінің мемлекеттік сатып алу секторының заңгері қызметтерін атқарған.
Үйленген, 5 бала тәрбиелеуде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.