Құрметті жерлестер!
Баршаңызды Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен құттықтаймын! Бұл — мемлекетіміздің Ата заңы қабылданып, халқымыздың тарихи таңдау жасаған күні.
Осыдан 27 жыл бұрын жалпыхалықтық референдум арқылы қабылданған ҚР Конституциясы ел болып қалыптасуымызға, мемлекетіміздің экономикалық өрлеуіне өз үлесін қосты. Заман талабына сай мемлекет пен қоғамның, халықтың талап-тілектері мен сұранысының да сипаты өзгеруде. Осыны ескере отырып, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Ата Заңға өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныс беріп, бұл ұсыныс барша қазақстандықтар тарапынан қолдау тапты.
Жаңа Конституция қабылдау арқылы Қазақстан жаңа дәуірге қадам басты. Өзгерістер Конституция баптарының үштен біріне әсер етіп, түзетулердің маңызды блогы азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын жан-жақты сақтауға бағытталды. ҚР
Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Қазақстан Конституциясы — халықтың бірлігі мен мемлекет тәуелсіздігінің берік негізі» саналатынын айтқан болатын. Сондықтан Конституцияны құрметтеу және оны ұлықтау — біздің басты парызымыз.
Өзге аймақтармен қатар біздің Қордай ауданы да тұрақты даму үстінде. Тұрғындардың тұрмыс жағдайы жақсарып, жыл сайын әлеуметтік бағдарламаларға сәйкес денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет пен спорт салаларына бөлінетін қаржы көлемі ұлғайып келеді. Әсіресе, соңғы жылдар ауданымыз үшін сәтті болып, көптеген құрылыс алаңдарында жұмыс қызып, ел игілігіне берілетін нысандардың саны еселей артты. Осының барлығы — Тәуелсіздігіміздің тірегі болған Ата заңымыздың іс жүзінде іске асуының арқасы.
Құрметті қордайлықтар!
Қазақстан Республикасы Конституциясы күні құтты болсын! Елімізге тұрақтылық, әр шаңыраққа құт-береке, ырыс пен ынтымақ тілеймін. Ел іргесі аман, келешегіміз кемел болсын!
АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТ ХАТШЫСЫ
НҰРДИН САДЫҚОВТЫҢ ҚҰТТЫҚТАУЫ
Құрметті қордайлықтар!
Сіздерді Қазақстан Республикасының Конституция күнімен құттықтаймын!
Бұл барша қазақстандықтар үшін маңызы зор және жалпыхалықтық мейрам.
Егемендіктің кепілі ретінде Ата Заң бірлігімізді нығайтып, тұрақтылық пен ынтымақтың өзегі, жасампаздық нышаны, игі істер мен қазіргі жетістіктердің бастауы болды. Қолданыста болған уақытта еліміздің басты құжаты тиімділігі, демократиялығы мен азаматтардың құқықтары мен бостандығын қорғауға бағыталғанын талай рет дәлелдеген. Демократиялық конституциялардың бірі ретінде Қазақстан Республикасының Конституциясы еліміздің тұрақты дамуы үшін негізгі құжат болып табылады. Ата Заңның қағидаларын негізге алып, біз қоғамдағы бейбітшілік пен тыныштықты сақтауға тырысып, еліміздің әлеуметтік-экономикалық, сонымен қатар саяси жағдайын нығайтуға бағытталған ауқымды реформалар мен мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру бойынша маңызды мәселелерді шешу үстіндеміз.
Қазақстанда қазіргі таңда жүргізіліп жатқан мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыруға, мемлекет пен азаматтық қоғам арасындағы өзара қимылды, халықтың әлеуметтік және құқықтық қорғалуын нығайтуға бағытталған реформалар қоғамдағы ішкі тұрақтылық пен келісімді сақтамақ, ал Конституция бұл іске өз септігін тигізеді.
Құрметті жерлестер! Сіздерге және отбасыларыңызға татулық, ынтымақ, табыс тілеймін! Дендеріңіз сау, аспандарыңыз ашық болсын. Алға қойған мақсаттарыңыз жете беріңіздер, еліміздің игілі үшін атқарып жатқан еңбектеріңіз жемісті болсын.