ЭЛЕКТР ҚУАТЫ ЕЛЕҢДЕТІП ОТЫР

0

Қазіргі таңда заманауи адамды электр қуатынсыз елестету мүмкін емес. Бүгінгі күні үйде де, жұмыста да электр құралдары өмірді жеңілдететін таптырмайтын көмекші болып табылады. Ал, енді бір сәтке бұл өркениет игілігі қол жетімді болмай қалғанын елестетіңізші.

Алға ауылының көшелерінің бірінде тұратын тұрғындар күн сайын бұл проблемаға тап болуда. Ауыл тұрғындарынан тұрмыстық техниканың істен шығуына әкеп соғатын электр қуатының жиі өшірілуі туралы шағымдар түсетін болды. Электр желілері жел мен жауынға шыдамай жатқан көрінеді.
Ауыл тұрғындарының айтуынша, олар тұтынған электр қуаты үшін төлемді уақытылы төлейді. Алғалықтарды алаңдатыны, жақында жаңа оқу жылы басталып, бұл проблема шешілмесе, балалары сабақтарын шамның жарығымен оқуға мәжбүр болады.
-Үйдегі пештер мен сусорғылар осы электр қуаты арқылы қосылады. Жақын арада жылыту кезеңі басталмақ, — дейді Ж.Алдабергенов көшесінің тұрғындары.
Бұл мәселе жөнінде жергілікті атқарушы органдар хабардар, ауылдық округінің әкімі аталмыш мәселені аппараттық кеңесте көтерген болатын. Өз кезегінде аудан басшысы АЭС басшылығына бұл мәселені зерделеп, кемшіліктерді жою бойынша тиісті жұмыс атқаруды тапсырған.
АЭС өкілдері электр қуатының өшіп қалуын желінің тозғандығын айтып ақталуда. Электр желісі былтырғы ғасырдың 70-жылдарында салынған. Қазіргі таңда ең тиімдісі қайта жөндеу жұмыстарын жүргізу. Айта кетсек, электриктер мәселені шешуді қолға алып, 27 тамыз күні Алға ауылдында жөндеу жұмыстарын бастамақ.
Осы орайда айта кетерлігі, электр желілерін жаңғырту бағдарламасы аясында ағымдағы жылы Қордай ауданында АЭС энергетиктары жоғары вольтты желілерінің ескі бағаналарын ауыстыру жұмыстарын жүргізіп, жаңа трансформаторлар орнату үстінде.
Ал, біз Алдабергенов көшесінің тұрғындарынан жақынарада оң өзгерістер туралы хабар күтеміз.

Leave A Reply

Your email address will not be published.