Жамбыл облысы Қордай ауданы Қасық ауылдық округіне қарасты Әлжан ана ауылының Б.Бөлтірікова, Бәйдібек баба көшелеріне шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

0

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабы 2-тармағына, «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-1 бабы 7) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қордай аудандық аумақтық инспекциясы инспекторының міндетін атқарушысы 2022 жылғы 1 шілдедегі № 02/162 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:
1.Ұсақ малдардың арасынан бруцеллез ауруының шығуына байланысты Жамбыл облысы Қордай ауданы Қасық ауылдық округіне қарасты Әлжан ана ауылының Б.Бөлтірікова, Бәйдібек баба көшелеріне шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қасық ауылдық
округінің әкімі К.Исагулова

Leave A Reply

Your email address will not be published.