ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМ МЕН ТЕРРОРИЗМНІҢ АЛДЫН АЛУ

0

Қазіргі таңда қоғамымызда діни экстремизм, діни терроризм терминдерін естімеген адам жоқ шығар. Себебі, әлем бойынша діни ахуал тұрақты емес. Қазақстан Республикасын алып қарасақ та, діни экстремизм мен терроризм жайттары жоқ емес, діни ахуал тұрақсыз. 140 ұлт өкілі мен 18 түрлі діни конфессия өкілдерінің басын қосып отырған Қазақстан, татулық пен бейбітшілікте өмір сүруде. Алайда, діни мәселелерде туындап отырады.

Солардың ішіндегі аса маңыздысы «діни эктремизм» мен «діни терроризм». Біз діни экстремизм мен терроризмге қарсы иммунитет қалыптастыру үшін, термин мағынасын толыққанды білуіміз керек. Экстремизмнің пайда болуы, адамдардың діни білімінің жоқтығы мен таяздығынан, надандығынан пайда болады. Терминнің өзі шеттеу, адасу дегенді білдіреді. Экстремизм қоғамнан бөлінуден басталады. Өз дегендері дұрыс, өзге тарап ойлары, істеген іс-қимылдары бұрыс деп қабылдап, өз қалауларын жасау. Қоршаған ортаға агрессия көрсету, бөлектену, адамдар арасында қалыпты өмір салтын, қарым-қатынасын бұзу, әлеуметтік мәселелер тудырып, толқуларды көтеру болып табылады. Ал, терроризм осы экстремизмнің тікелей жағдайлар арқылы, іс жүзінде жүзеге асқан түрі, зорлық-зомбылық, күш көрсету, қырып-жою, үрейлі әрекеттермен көрсетілген, қандай да бір жоспарланған, іс-әрекетпен қалағанына қол жеткізу. Салдарынан адам өлімі, материалдық шығынның болуы. Қоғамдағы қалыптасқан діни ұстанымдар мен құндылықтарды жоққа шығару арқылы мойындамай, қарсы идеяны көрсете отырып, агресивті түрде насихаттау. Экстремизм мен терроризм көбіне дін атын жамылып, қоғам арасында алауыздық тудыру арқылы, басшылыққа қарсы шығу, саяси арам пиғылдарын жүзеге асыру үшін қолданылады. Оның салдары бірден байқалуы не болмаса ұзақ процесс арқылы ішкі іріткіні ушықтырып алғаннан кейін нәтижесін көрсетуі мүмкін. Ол дегеніміз адамдар бірлесуі арқылы жүзеге асады дегенді білдіреді, топтағы лидердің болуы арқылы жоспар құрып, нәтижеге қолжеткізу.
Діни экстремизм мен терроризммен күресіп, алдын алу үшін ең алдымен, бізге қоғам ішінде қарсы иммунитет қалыптастыру маңызды. Иммунитет қай кезде қалыптасады, қоғамға сапалы білім берілгенде, ақпараттық түсіндіру әрдайым жүргізіліп отырғанда, діни білімді арттыратын сапалы көп кітаптар пайдалануда болғанда.
Дәстүрлі дінімізді және де басқа да әлемдік, ұлттық діндер туралы, олардың шығу тарихы мен қазіргі ахуалын әр адам жеткілікті деңгейде біле алатындай, іс-шара тудыруымыз қажет. Ертең адасқан ағым шырмауына ілінбей, жат пиғылды адамдар құрсауына түсіп қалмау үшін.
Жеке адам тыныштығы қоғам тыныштығы, қоғам тыныштығы мемлекет тыныштығы екенін ұмытпағанымыз жөн.

А.КУШЕНБАЕВА,
Сарыбұлақ ауылдық округі әкімі
аппаратының жетекші маманы

Leave A Reply

Your email address will not be published.