Алдағы міндеттер айқындалды

0

Қордай аудандық орталық мешітінде аудан әкімінің орынбасары Нұрболат Сатымқұл мен ауданның бас имамының қатысуымен ауданға қарасты мешіт имамдарының кездесуі өтті.

Кездесу барысында діни саладағы өзекті мәселелер талқыланып, алдағы кезеңге арналған міндеттер айқындалды.

Жиынның негізгі мәселелерінің бірі – аудан мешіттері имамдарының әлеуметтік жағдайын жақсарту және еңбекақы төлемдерін тұрақтандыру бағыттары болды. Бұл ретте имамдардың еңбек жағдайын жетілдіру және әлеуметтік қолдау тетіктері жөнінде пікір алмасты.

Сонымен қатар мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту мәселесіне ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, Сортөбе және Масаншы ауылдарындағы мешіттерде уағыз-насихат жұмыстарын қазақ тілінде жүргізу, сондай-ақ мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру бағытындағы жұмыстарды күшейту жөнінде ұсыныстар айтылды.

Бұдан бөлек, діни ағарту жұмыстарын жетілдіру, уағыз-насихаттың сапасын арттыру, тұрғындардың діни сауаттылығын көтеру және қоғамдағы ынтымақ пен бірлікті нығайту мәселелері талқыланды.

Кездесу қорытындысы бойынша көтерілген мәселелерге қатысты тиісті шешімдер қабылданып, мешіт имамдарына бірқатар нақты тапсырмалар берілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.