ЖАС МАМАНҒА МОЛ МҮМКІНДІК

0

Ауылға жастарды тұрақтандырып, елді мекендерді гүлдендіруге бағытталған «Дипломмен — ауылға» бағдарламасының жүзеге асырылып келе жатқанына 10 жылдан астам уақыт болды. Бүгінде қолында дипломы бар жас мамандар үшін үлкен мүмкіндікке жол ашқан бұл бағдарламаға бөлінетін қаражаттың көлемі де артып, сан салалы бағыттары да көбейді.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 30 қыркүйектегі №72 бұйрығына сәйкес «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну» қағидасының Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы №72 бұйрығына өзгерістер енгізілуіне байланысты «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша көтерме жәрдемақы мен бюджеттік несие алуға ниетті жас мамандар «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы онлайн режимінде өтініш бере алады және Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы тапсыра алады. Әлеуметтік қолдау шараларын алу үшін көрсетілетін қызметті алушы мынадай құжаттарды ұсынады:
1) көтерме жәрдемақы алған кезде:
— осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;
— жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
— бiлiмi туралы дипломының көшiрмесi;
— жұмыс орны бойынша кадр қызметi растаған еңбек кiтапшасының көшiрмесi.
2) тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит алған кезде:
— осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;
— жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
— бiлiмi туралы дипломының көшiрмесi;
— жұмыс орны бойынша кадр қызметi растаған еңбек кiтапшасының көшiрмесi;
— сәйкестендіру үшін неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (некеде тұрған көрсетілетін қызметті алушылар үшін);
— кредиттік бюродан есеп.
Аталған бұйрықтың 6-тармағына сәйкес, ауданның жергілікті атқарушы органы алдағы кезеңге денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілер бойынша сұранысқа ие мамандықтардың тізбесін қалыптастырады, оны аудан әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырады. Тізбеде алдағы кезеңде көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік кредит түрінде әлеуметтік қолдау шаралары көрсетілетін қызметті алушылардың және олардың мамандықтарының атауы мен саны көрсетіледі.
Сонымен қатар, тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит түріндегі әлеуметтік қолдау шаралары жақын туыстарынан (жұбайынан (зайыбынан), атасынан (әжесінен), ата-аналарынан (оның ішінде асырап алушылардан), балаларынан (оның ішінде асырап алынғандарынан), ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-қарындастарынан) тұрғын үй-жай сатып алуға, сондай-ақ азамат тұрақты тұратын тұрғын үй-жайды сатып алуға пайдаланылмайды. Әлеуметтік қолдау шаралары бұрын берілген кредиттер бойынша өтелмеген мерзімі өткен берешегі жоқ (осы Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген құжаттарды қарау сәтінде), сондай-ақ соңғы 2 (екі) жыл ішінде 90 (тоқсан) күнтізбелік күннен астам мерзімі өткен берешегі жоқ көрсетілетін қызмет алушыларға ұсынылады.
Аталған бағдарлама осы жылдар аралығында мемлекетке де, жас мамандарға да тиімді болды. Осы уақытқа дейін, жоғары оқу орнын бітірген мамандар ауылдарға барып мемлекет есебінен біржолғы көтермеақы, көлемі аз пайызбен несие алып, сол қаржыға жергілікті жерден тұрғын үй сатып ала алады.
Көтерме жәрдемақы мен үй сатып алуға берілетін несие алуға өтініш берген жас маман өз мамандығы бойынша кем дегенде үш жыл жұмыс істеуі керек. Сонымен қатар, жұмысқа тұрушы маман бағдарламаға қатысу үшін таңдалған елді мекенде жұмыс берушіні өзі табуға міндетті.
Мамандар өз мамандықтары бойынша тұрақты жұмыс жасап, ауылды көркейтуге өз үлестерін қосып жүр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.