Тіл біздің құжатымыз, келбетіміз, саяси тұрақтылықтың кілті. «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» демекші, дүние есігін шыр етіп ашқаннан соң әлдилеп анамыз бізге бесік жырын айтып тербеткен тілді өмір бойы жүректің төрінде сақтап, көкейіңде қалдыру керек. Дүние байлығы да айырбастай алмайтын қастерлі тіліміздің болашағы мына біздің қолымызда.
Ана тілім, дана тілім, бақ тілім,
Сенсіз бақыт дүниеден тапты кім?
Сенсің менің қуанышым, шаттығым,
Сенсің менің тазалығым, пәктігім.
Әр адам өзінің тілін шыр етіп дүние есігін ашқаннан бастап құлағына сіңіруі тиіс. Себебі, тілін білген адамның ғана бойында патриоттық сезім қалыптасады. Аудандық мүгедек балаларды оңалту және бейімдеу орталығында 22 қыркүйек «Тілдер мерекесіне» орай «Мәңгілік ел-Мәртебелі тіл» тақырыбында аудандық Мәдениет үйі мен Қордай орталық мешітінің қолдауымен іс-шара ұйымдастырылды. Қонақтармен балалар өз өнерлерін ортаға салып, көрермен құрметіне бөленді. Мерекенің соңында қонақтар балаларға сыйлықтарын табыстады.
МӘҢГІЛІК ЕЛ-МӘРТЕБЕЛІ ТІЛ
Prev Post
Next Post