ҚҰРМЕТТІ АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫ!

0

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы (бұдан әрі – Мемлекеттік шекара) – Қазақстан Республикасы аумағының (құрлығының, суларының, жер қойнауының, әуе кеңістігінің) шектерін айқындайтын сызық пен осы сызық бойынша тiгiнен өтетiн жазықтық және Қазақстан Республикасының мемлекеттік егемендігі қолданылатын кеңістік шегі болып табылады.

Мемлекеттік шекараны, оның тәртібін, шекара тәртібін немесе Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекара арқылы өту пункттеріндегі тәртіпті бұзуға немесе бұзбақшы болып әрекеттенуге, Мемлекеттік шекара арқылы жүкті, материалдарды, құжаттарды және өзге де заттарды заңсыз алып жүруге әрекеттенуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы заңдарды басқа да бұзуға кінәлі адамдар қылмыстық, әкімшілік жауапқа, сондай-ақ шекара әскерлерінің талап етуі бойынша жауапқа немесе Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де жауапқа тартылады, оның ішінде:
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 514-бабы бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекара режимiн бұзу
1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы режимін:
1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын (Каспий теңізіндегі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы учаскесін қоспағанда) күтіп-ұстаудың;
2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өтудің, егер бұл әрекетте қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса;
3) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы адамдарды, көлік құралдарын, жүктер мен тауарларды өткізудің;
4) шекаралық белдеуге кірудің, онда уақытша болудың, тұрудың, жүріп-тұрудың және шекаралық белдеудің үстімен ұшуды жүзеге асырудың;
5) Мемлекеттік шекарада және шекаралық белдеуде шаруашылық, кәсіпшілік немесе өзге де қызметті жүргізудің, қоғамдық-саяси, мәдени немесе өзге де іс-шараларды өткізудің белгіленген тәртібін сақтамаудан көрінген бұзу – жеке тұлғаларға – он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – он бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам жасаған әрекеттер –әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тiкелей нысаналары болып табылатын көлік құралдары және өзге де заттар тәркілене отырып, жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға немесе он тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға не Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен шығарып жіберуге әкеп соғады.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 392-бабы бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасын қасақана заңсыз кесіп өту.
1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасын Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерінен тысқары жерден қасақана заңсыз кесіп өту, сол сияқты Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасының көрсетілген пункттерінен жалған құжаттар арқылы немесе үшінші тұлғалардың жарамды құжаттарын алдап пайдалана отырып, сол сияқты белгіленген тәртіпті бұза отырып қасақана заңсыз кесіп өту –шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге бес жыл мерзімге шығарып жібере отырып, бір мың айлық есептік көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Қылмыстық топ жасаған не күш қолданып немесе оны қолдану қатерін төндіріп жасалған дәл сол іс-әрекеттер –шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге бес жыл мерзімге шығарып жібере отырып, бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Шекара әскерлері мен әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің әскери қызметшілерінен, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын күзету жөніндегі міндеттерді жүзеге асырушы басқа әскерлер мен органдардың өкілдерінен азамат өз құқықтары мен бостандықтарын шектеу жөнінде түсінік алуға құқықты.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын күзету жөніндегі міндетті жүзеге асырушы лауазымды және басқа адамдардың әскерлер мен органдардың әрекеттеріне азамат жоғары тұрған лауазымды адамға, өкімет пен басқару органдарына, прокуратураға немесе сотқа белгіленген тәртіппен шағым жасай алады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.