ОНЛАЙН ДАУЫС БЕРУ БАСТАЛДЫ

0

«Қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ 2022 жылдың 27 қыркүйегінде қайырымдылық саласындағы үздік меценаттар мен филантроптарды анықтайтын «Жомарт жүрек» республикалық байқауының онлайн дауыс беру кезеңі басталғаны туралы хабарлайды.

«Жомарт жүрек» – бұл қайырымдылық саласындағы маңызды қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды анықтау, тану және көтермелеу үшін өткізілетін жыл сайынғы қайырымдылық сыйлығы. Сыйлық заманауи филантропияның көрнекті жетістіктерін көрсетеді.
Дауыстар 5 номинация бойынша қабылданады:
• Жыл Тұлғасы
• Жыл Меценаты
• Туған өлке
• Жылдың үздік ұйымы
• Жылдың үздік қамқоршысы
Онлайн дауыс беру jomartjurek.ruh.kz сайтында 27 қыркүйек пен 10 қазан аралығында өтеді.
Дауыс беру қорытындысы бойынша республикалық сыйлықты тапсыру рәсімі қоғам мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен салтанатты түрде өтеді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.