Жамбыл облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті (ары қарай-Департамент) ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қаржылық есептілігіне және мемлекеттік мекемелердің қаржылық есептілігіне тәуекелдерді басқару жүйесі негізінде жыл сайынғы аудит жүргізуді, республикалық және жергілікті бюджеттер қаражатының пайдаланылуына, Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу, мемлекеттік мүлік, бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік, аудиторлық қызмет туралы заңнамаларының сақталуына сәйкестік аудитін жүзеге асырады, сонымен қатар мемлекеттік сатып алу рәсімдеріне камералдық бақылау жүргізеді.
Жамбыл облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы «Камералдық бақылау жүргізу қағидаларын бекіту туралы» №598 бұйрығына сәйкес мемлекттік сатып алуларға камералдық бақылауды жүзеге асырады.
Камералдық бақылау жүргізудің мақсаты сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, заң бұзушылықтардың уақтылы жолын кесу және оларға жол бермеу, мемлекеттік аудит объектісіне камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды дербес жою құқығын беру және мемлекеттік аудит объектілеріне әкімшілік жүктемені төмендету болып табылады.
Камералдық бақылау мемлекеттік сатып алудың тәуекел бейіндері мен заңды және жеке тұлғалардың арыз-шағымдары негізінде жүзеге асырылады.
2022 жылдың 9 айына 431 208,7 млн.теңгені құрайтын 19 155 мемлекеттік сатып алуға камералдық бақылау жүргізілді.
Жүргізілген камералдық бақылаудың қорытындысы бойынша анықталған заң бұзушылықтарды жою үшін Департамент тарапынан ұйымдастырушыға/тапсырыс берушіге барлығы 2379 хабарлама жіберілді.
Сонымен қатар, мемлекеттік сатып алу веб-порталының мәліметтеріне сүйенсек, бүгінгі күнге өткізілген мемлекеттік сатып алулар бойынша Департаментке заңды және жеке тұлғалардан 1100-нан астам арыз-шағым түсіп, 850-ге жуық арыз толық және ішінара қанағаттандырылған.
Қанағаттандырылған және/немесе ішінара қанағаттандырылған арыз-шағымдардың негізінде, заң талаптарын бұзып мемлекеттік сатып алудың заңсыз жеңімпазын айқындау фактілері анықталып 607 хабарлама жіберілді.
Жіберілген хабарламалардың нәтижесінде мемлекеттік сатып алудың қорытынды туралы хаттамасы қайта шығарылды, яғни мемлекеттік сатып алудың заң аясындағы жеңімпазы анықталды.
Хабарламаны орынбамаған немесе тиісті деңгейде орындамаған мекемелердің шығыс операциялары тоқтатылып, бірінші басшыға айыппұл салынды.
Мемлекеттік сатып алу саласы бойынша заң бұзушылықтың жүйелі түрде қайталануына байланысты айыппұл салу туалы хатамаларда көбеюде.
Нақтырақ айтқанда, заңбұзушылыққа жол берген лауазымды тұлғаларына қатысты 635 әкімшілік хаттама толтырылып, 60 миллион теңгеден астам айыппұл салынды, оның ішінде:
1) мемлекеттік сатып алу веб-порталына мемлекеттік сатып алу жылдық жоспарын уақытылы орналастырмау бойынша 6 хаттама;
2) әлеуетті өнім берушілерді немесе өнім берушілерді мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар деп тану туралы талап қойып сотқа жүгінбеуі немесе уақтылы жүгінбеу бойынша 82 хаттама;
3) бәсекелестік ортаны сақтамай бір көзден келісім-шарт жасау бойынша 244 хаттама;
4) конкурсқа (аукционға) қатысуға алдын ала жіберу хаттамасында, қорытынды туралы хаттамада әлеуетті өнім берушінің конкурсқа (аукционға) қатысуға арналған өтінімін қабылдамау себептерінің егжей-тегжейлі сипатталымын көрсетпеу бойынша 52 хаттама;
5) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру кезінде олардың біртекті түрлері және оларды беру (орындау, көрсету) орны бойынша лоттарға бөлмеу бойынша 4 хаттама;
6) әлеуеттi өнiм берушiлерге Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасында көзделмеген бiлiктiлiк талаптарын белгiлеу бойынша 18 хаттама;
7) камералдық бақылау қорытындысы бойынша анықталған заңбұзушылықтарды жою тцралы хаттаманы орындамау немесе тиісті деңгейде орындамау бойынша 51 хаттама;
Заң бұзушылыққа жол беру өз кезегінде бюджет қаражатының уақытылы әрі тиімді игерілмеуімен қатар, бюджет қаражатының үнемделуіне, мемлекеттік бағдарламалардың, орталық аппарат пен өңір басшысының тапсырмаларының уақытылы орындалуына кері әсерін тигізеді.
Жамбыл облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті