ШТАБ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

0

22 қазан күні «AMANAT» партиясы Қордай аудандық филиалында Қазақстан Республикасының Президенттігіне үміткер Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты қолдау жөніндегі Қордай аудандық қоғамдық штабының ашылу салтанаты өтті.

Жиынның ашылуы барысында Қордай аудандық штаб төрағасы, аудандық партия филиалының атқарушы хатшысы Мырзағали Күзербаев сөз алып, қоғамдық штабтың ашылуын салтанатты түрде жария етіп, штаб құрамымен таныстырып, осында жұмылдырылған азаматтар жұмысты бастауға толық дайын екенін және науқанды ойдағыдай атқаруға сенімін білдірді.
Аудандық қоғамдық штабтың құрамына Халықтық коалицияға кіретін партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің белсенді мүшелері енгізілген. Атап айтқанда, аудандық ардагерлер кеңесiнiң, «Ақжол» партиясының өкілі, спорттық ұйымның және партия мен ешқандай партия құрамында жоқ ниеттес адамдар, барлығы 34 адам.
М.Күзербаев отырыста штаб мүшелеріне атқарылатын іс-шаралардың жоспарлы жұмыстарын таныстырып, Халықтың коалиция арқылы Президенттiкке Қ.К.Тоқаевты ұсыныс жасалғаны туралы жеткізіп, үгiт — насихат жұмыстары туралы баян етіп, барша штаб мүшелеріне сәттілік тіледі. Отырыстың аяғында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуге байланысты нұсқаулықтар таратылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.