29 ҚАЗАН – ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ИНСУЛЬТПЕН КҮРЕС КҮНІ

0

Жыл сайын 29 қазанда барлық елдерде Дүниежүзілік инсультпен күрес күні (World Stroke Day) аталып өтеді. Бұл күнді Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 2006 жылы осы ауруға қарсы күрес бойынша жедел белсенді іс-қимылдарға шақыру мақсатында бекітті. Бас ми тамырларының аурулары қазіргі қоғамның маңызды медициналық-әлеуметтік проблемаларының бірі, оның себебі халықтың аурушаңдығы мен өлім-жітімі құрылымындағы үлесінің жоғары болуы, алғашқы мүгедектік себептеріне байланысты.

ДДҰ мәліметтері бойынша, инсульт нәтижесінде бүкіл әлемде жылына 7 миллион адам өледі. Өлімнің жартысынан астамы қантамыр ауруларына байланысты. Жақында ғана инсульт негізінен 55-60 жастан асқан пациенттерде кездесетін, ал қазіргі уақытта шамамен үштен бір бөлігін 30-40 жастағы адамдар құрайды.
ИНСУЛЬТ — бұл артерияның бітелуі немесе тамырдың жарылған қабырғасы арқылы қан құйылу салдарынан миға қанның түсуін тоқтату нәтижесінде жүйке жасушаларының зақымдануы немесе өлуі орын алатын жағдай; бұл ми тінінің зақымдануы және оның функцияларының бұзылуымен қатар жүретін, ми қан айналымының тез дамитын бұзылыстары.
ИНСУЛЬТТІҢ СЕБЕПТЕРІ
Инсульттің басты себебі — мидың қанайналымының бұзылуы. Миға қанның келуі толық немесе жартылай бұғатталады.
Инсульттің белгілері өте қарқынды дамиды. Ми аймағына канның келуі келесі себептер бойынша тоқтатылуы мүмкін:
— тромб, ұйыған қан — миға бөлінетін артерияны бітейді;
— мидың ішінде қан құйылады;
— ми мен бас қаңқасының арасындағы кеңістікте қан құйылады. Егер аурудың себебі тром болса, онда ол ишемиялық инсульт, егер қан құйылу болса, геморрагиялық инсульт болады.
ИНСУЛЬТТІҢ ДАМУ ҚАУПІНІҢ ФАКТОРЛАРЫ:
— артериялық қан қысымының жоғарылығы
— қант диабеті
— холестерин деңгейінің жоғарылығы
— артық салмақ және семіздік
— төмен физикалық белсенділік
— шылым шегу
— алкогольді шектен тыс қабылдау
ҚАНАЙНАЛЫМ ЖҮЙЕСІНІҢ АУРУЛАРЫН, оның ішінде ИНСУЛЬТТІҢ АЛДЫН АЛУҒА НЕ КӨМЕКТЕСЕДІ?
— дер кезінде профилактикалық медициналық тексерулерден өту және диспансеризациялау
— артериялық қысымды қадағалау
— қауіп факторларын түзету (шылым шегуден бас тарту, алкогольді мөлшермен тұтыну немесе мүлдем бас тарту, қалыпты дене массасын сақтау, үйлестірілген тағам, тұрақты физикалық жаттығулар)
— инсульт белгілерін және жеке әрекеттерді, маңында жақын адамдар болған жағдайда олардың әрекеттерінің тәртібін білу
— денсаулығы туралы өз бетінше қамқорлықты белсендіру.
Соңғы он бес жыл ішінде инсульт әлемдегі өлімнің басты себептерінің бірі болып қала беруде. Барлық қабылданған шараларға қарамастан, инсульт саны артып келеді және соңғы жылдары ол шамамен 3 есе өсті. Мәселен, ҚР ДСМ статистикалық жинақтарындағы ресми деректерге сәйкес, 2017 жылы 100 мыңға 16360,6 инсульт, ал 1998 жылы – 5891,8 инсульт болды. Ауырғандардың 53%-ы ер адамдар, 47%-ы әйелдер.
Сонымен бірге инсульт тез жасаратын кеселдердің қатарында. Соңғы жылдары қан айналымы бұзылыстарының едәуір саны 60 жасқа дейінгі науқастарда байқалады. Қазақстанда аурудың 37%-ы 41-ден 60 жасқа дейінгі жас тобында байқалады, одан әрі 61-ден 70 жасқа дейінгі жас санаты – 31%. 71 жастан жоғары шамамен 28%-да байқалады. 16 жастан 40 жасқа дейінгі адамдарға ең аз қауіп төнеді, бұл 4% құрайды.
– Аурудың алдын-алу өте маңызды және инсульт жағдайында да бұл өзекті. Дегенмен, инсульттің өзгермейтін қауіп факторлары бар, мысалы, тұқым қуалаушылық, жас және жыныс (ер адамдар инсультқа жиі ұшырайды). Алайда түрлендіруге болатын, яғни біз өз тарапымыздан өзгертуге тырысатын факторлар да бар. Оларға артериялық гипертензия (инсульттан болатын өлімнің кем дегенде 51%-ын құрайды), қант диабеті, гиперхолестеринемия, жүрек ырғағының бұзылуы, алкогольді мөлшерден артық пайдалану, темекі шегу, аз қимылды өмір салты, артық салмақ, жиі стресстер, сондай-ақ рационның ерекшеліктері және балансталмаған тамақтану жатады. Қазақстандықтардың қауіпті симптомдар туралы хабардар болуы да өзекті. Кеселдің алдын алу – басты шешім, – деді Инсульт мәселелері жөніндегі республикалық үйлестіру орталығының бас маманы Зәуреш Ахметжанова.
Сарапшылар инсульт кезінде жедел көмек көрсетудің өзектілігін түсіну маңызды екенін алға тартады, ол – алғашқы белгілер пайда болған сәттен бастап 4,5 сағат ішінде. Мамандар инсульттің белгілері мен алғашқы симптомдарын еске салады: әлсіздік, аяқ-қолдағы ыңғайсыздық; беттің, аяқтың әртүрлі бөліктерінде сілеюдің пайда болуы; сөйлеу және көру қабілетінің бұзылуы; бас айналуы және тепе-теңдіктің бұзылуы.
Инсульт мүгедектіктің жоғары деңгейімен және еңбекке қабілеттіліктен айырылудың жоғары деңгейімен қауіпті. Сондықтан осы аурумен күресте оңалту шешуші рөл атқарады. Орташа алғанда, пациенттердің жартысына жуығы инсульттан кейінгі когнитивті бұзылуларға (ПИКБ) ие, ал ең ауыр типтегі постинсульттік деменцияның ықтималдығы адам жасына және инсульттің ауырлығына байланысты 7-48% құрайды. Мұндай науқастарда есте сақтау функциялары бұзылады, талдау процесі қиындайды, зейіннің шоғырлануы және логикалық ойлау қабілеті төмендейді. Инсульттан аман қалғандардың үштен бірінен астамында сөйлеуде айтарлықтай бұзылыстар байқалады. Сондықтан инсульт алған науқасты оңалту – ауру терапиясының маңызды буындарының бірі. Бұл пациентке танымдық және қозғалу функцияларын қайтаруға ғана емес, сонымен қатар келесі 5 жыл ішінде 50% ықтималдылықта қайталанатын инсульттің алдын алуға мүмкіндік береді, ал бірінші жылы ол — әрбір оныншы науқаста тіркеледі.
Амбулаториялық-емханалық деңгейде оңалту өте маңызды, өйткені пациенттерге жеке, маңызды мақсаттарға қол жеткізуге жол ашады. Оңалту ең алдымен, пациенттердің өздері үшін құнды іс-әрекеттерді атқару мүмкіндіктерін қалпына келтіруді білдіреді – өзін-өзі күту, өз-өзіне қызмет көрсету, үй өмірі, жұмыс, оқу, отбасылық немесе әлеуметтік өмір, өзін-өзі бағалау сезімін сақтау.
Сонымен бірге, когнитивті оңалтудың тиімділігі нейропсихологпен және логопедпен өткізілетін интенсивті сабақтарға да, нейропротекторлық әсері бар препараттарды қамтитын дәрілік терапияға да байланысты, өйткені оңалту процесінде нейрондарды өлімнен құтқару және мидың зардап шеккен аймақтарын қалпына келтіру өте маңызды. Сонымен қатар, қозғалу функциясының бұзылуы әрдайым когнитивтік саладағы проблемалармен байланысты екенін есте ұстаған жөн, сондықтан қозғалу аппаратын оңалту когнитивті жүйелерді қалпына келтірумен тікелей байланысты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.