ЖОЛҒА МАЛДЫ ШЫҒАРМАҢЫЗ!

0

Өңірімізде жол-көлік оқиғаларының алдын алу, автожолдардағы қауіпсіздікті күшейту және қараусыз жүрген төрт түлікті бақылау мақсатында «Абайлаңыз, жолда мал-жануары!» атты жедел-профилактикалық акциясы бастау алды.

Жамбыл облысы әкімдігі, Полиция департаменті және Ветеринариялық бақылау және кадағалау органдарының бірлесіп ұйымдастыруымен өтіп жатқан бұл шараның негізгі мақсаты халықаралық, республикалық және жергілікті маңызы бар тас жолдарда малдың қатысуымен болатын жол апаттарына тосқауыл қою, адам өмірі мен денсаулығын қорғау.

ЖАУАПКЕРШІЛІК КҮШЕЙТІЛДІ!

Ауыл шаруашылығы жануарларын бақташысыз, қараусыз қалдыру ауыр жол апаттарына себеп болып қана қоймай, заң алдында жауапкершілікке әкеп соғады. Акция аясында тәртіп сақшылары мен ветеринария инспекторлары рейдтік шараларды күшейтеді.

Әкімшілік жауапкершілік:

Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю ережелерін бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 408-бабы бойынша ірі көлемде айыппұл салынады.

Арнайы белгілер тағу: Түнде және ауа райы бұзылған сәтте жүргізушілерге көрінуі үшін малдың мойнына немесе аяғына жарық шағылыстыратын ленталар (таспалар) тағу, чиптеу және сырғалау міндетті.

ЖҮРГІЗУШІЛЕРГЕ ЕСКЕРТУ!

Құрметті автокөлік тізгіндеушілер! Әсіресе түнгі уакытта және елді мекендер маңындағы жолдарда жылдамдықты шектен тыс асырмай, барынша абай болуды сұраймыз. Жол жиегінде мал байқалған жағдайда дыбыстық сигнал беру арқылы сақтық танытыңыз.

Жолдағы қауіпсіздік ортақ міндет! Өз өміріңізге және өзгелердің қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қараңыз!

А.АГАБАЕВА, Қордай ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының міндетін атқарушы

Leave A Reply

Your email address will not be published.