ӨНІМ САПАЛЫ БОЛУЫ ҮШІН

0

Қараша айында ауданымыздың ауыл шаруашылығы саласы бірқатар қорытындыларды шығарып та үлгерді. Олардың қатарында көңілге қонымды көрсеткіштер жетерлік. Көктемгі дала жұмыстары, жаздық науқан мен күздік жиын-терім кезеңдері сәтті өтті деп толықтай айтуға болады. Осылардың ішінде бірқатар жағымды көрсеткіштерге жекелей тоқтала кетсек.

Аграрлы ауданның диқандары минералды тыңайтқыштардың жақсы өнім алуға үлкен септігі бар екенін жақсы түсінеді. Әсіресе, аммияк селитрасы мен аммофос тыңайтқыштарына сұраныс қашанда жоғары. Биыл аудан бойынша минералды тыңайтқыштарды қолдану жоспары 9421 тонна болса, ағымдағы жылдың қыркүйек айын қоса есептегенде шаруалар 8817,4 тонна тыңайтқыш алып, пайдаланған. Бұл өнім сапасы мен маңыздылығына үлкен сеп болғаны анық.
Алқаптарда жұмыс бәсеңдемеуі үшін шаруаға ең қажеттісінің бірі ол – жанармай. Биыл көктемгі дала жұмыстарына 1950 тонна кепілді дизель бөлініп, бағасы 200 теңге болып қойылған. Оған тапсырысты шаруалар «Қолдау.КЗ» порталы және ауыл шаруашылығы бөлімі арқылы берген. Операторлық қызметті «Элемир» және «Азия Нефтпродукт» ЖШС атқарған. Сол кезде «Элемир» арқылы 39 шаруашылық 735,9 тонна, «Азия Нефтпродукт» арқылы 37 шаруашылық 645 тонна дизель алған. Ал, күзгі дала жұмыстарына 1235 тонна кепілді дизель бөлініп, бағасы 211 теңгеден бекітілген. Қазіргі таңда жалпысы 74 шаруашылық 354,7 тонна дизель отынын алып үлгерген.

Жандос ОМАРОВ

Leave A Reply

Your email address will not be published.