Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары
Е-3 санаты бойынша:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
3) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;
4) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Жұмыс органы бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
5) ғылыми дәрежесінің болуы;
6) Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;
7) кеңесші және көмекші лауазымына жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Е-G-1 санаты бойынша:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-6, C-5, C-O-6, C-R-5, D-5, D-O-6, D-R-5, E-5, E-R-5, E-G-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы немесе А-5, B-6, C-5, C-O-6, C-R-5, D-5, D-O-6, D-R-5, E-5, E-R-5, E-G-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
3) А-5, B-6, C-5, C-O-6, C-R-5, D-5, D-O-6, D-R-5, E-5, E-R-5, E-G-3 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
4) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;
5) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес;
6) жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Жұмыс органы бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
7) ғылыми дәрежесінің болуы;
8) Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
E-G-3 санаты бойынша:
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі;
мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімінің аппараты бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды:
Индекс 080400, Қордай ауылы, Төле би көшесі №106, 2 қабат, № 20,29 кабинет, тел: 8(72636) 2-11-60 немесе электрондық почта: otdelkadr17@mail.ru.
1. Қордай ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық жұмысы бөлімшесінің бас инспекторы, Е-3 — санаты, 1 бірлік № 01-07-03, (лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарын есептегенде 263 131 теңгеден бастап 302 255 теңгеге дейін).
Функционалдық міндеттері: Ауданның ауылшаруашылық жағдайына сараптама жасайды, тиісті ақпаратты-аналитикалық құжаттарды әзірлейді, кіші және орта кәсіпкерліктің өсуі мен дамуына салаларына және ауылшаруашылығы, өнеркәсіп, сауда, көлік, байланыс, құрылыс, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы мен отын энергетикалық кешенін дамытусалалары мәселелерін талдап, баяндамалар, анықтамалар дайындығын, аймақтық бағдарламалардың әр тармағы бойынша көрсетілген жұмыс жоспарларының мерзімінде орындалуын қамтамасыз ету. Сайлаулар, референдумдер өткізуге дайындық пен өткізу бойынша жұмыстарды ұйымдастыруға қатысу, аудандық аумақтық сайлау комиссиясымен байланысты жұмыстарды жүзеге асыру. Ауылшаруашылық саласы бойынша ауылдық округтерде осы бағыттағы жұмыстардың орындалуын қамтамасыз ету.Бекітілген мәселелер бойынша жоғарғы органдардың актілерін, мемлекеттік бағдарламаларын, аудан әкімінің актілерін бақылау және орындалуын қамтамасыз ету. Ауылдық округ әкімдері аппараттарындағы және әкімдігі бөлімдерінің жұмыс жоспарларын және олардың мерзімінде орындалуын қадағалау. Аудан әкімінің жұмыс сапарларында және аудандық кеңестер мен мәжілістерде берген тапсырмаларының орындалуын бақылау және ай сайын тиісті ақпараттар әзірлеу. Аудан әкімі өткізетін аппараттық кеңестердің, республикалық, облыстық селекторлық кеңеске материалдар дайындау, берілген тапсырмалардың орындалуын қадағалау және апта сайын тиісті ақпараттар дайындау. Аудан әкімінің халық алдындағы және мәслихат алдындағы есептері туралы мәліметтерді жинақтап қорытындылау, оларда айтылған ескертулер мен ұсыныстар бойынша іс-шаралар дайындау, олардың іске асырылуына бақылауды жүзеге асыру.
Аудан әкімдігі бөлімдерінің жұмысын үйлестіре, ұйымдастыра білу, ауылшаруашылығы, жер қатынастары,өнеркәсіп, сауда, көлік, байланыс, құрылыс, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы мен отын энергетикалық кешенін дамытусалаларына байланысты мәселелерін талдап, баяндамалар, анықтамалар дайындығын, аймақтық бағдарламалардың әр тармағы бойынша көрсетілген жұмыс жоспарларының мерзімінде орындалуын қаматамасыз ету. Барлық меншік нысандағы кәсіпорындар, кіші кәсіпкерлік нысандарымен, өзара қарым-қатынас жасау.Аудан әкімінің Веб-сайтында тиісті ақпараттарды орналастыру, ақпараттарды жаңарту бойынша жұмыстарды жүргізу.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі: Гуманитарлық ғылымдар саласындағы немесе білім саласындағы немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы немесе ауылшаруашылық ғылымдар саласындағы немесе техникалық ғылымдар және технологиялар саласындағы немесе құқық саласындағы жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім. Мамандығы: Гуманитарлық ғылымдар саласындағы (жалпы) немесе білім саласындағы (жалпы) немесе экономика немесе қаржы немесе есеп және аудит немесе мемлекеттік және жергілікті басқару немесе менеджмент немесе журналистика немесе қоғамдық байланыс немесе ауылшаруашылық ғылымдар саласындағы (жалпы) немесе техникалық ғылымдар және технологиялар саласындағы (жалпы) немесе құқық саласындағы (жалпы).
Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың болуы. «Қазақстан – 2050» Стратегиясын, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.
2. Қордай ауылдық округі әкімінің орынбасары, E-G-1 cанаты, 1 бірлік №01-02, (лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарын есептегенде 305 232 теңгеден бастап 350 615 теңгеге дейін).
Функционалдық міндеттері: Ауылдық округ әкімінің тапсырмаларын орындайды. Ауылдық округ әкімі аппаратының жұмысын ұйымдастырады. Салық төлемдерінің толық және уақтылы түсуіне бақылауды жүзеге асырады, ауылдық округ бюджетін түзету бойынша ұсыныстар енгізеді. Мекен-жай, шаруашылық кітаптарды есепке алу бойынша жұмыстарды басқарады.Инвестициялар тарту және құрылыс жұмыстарының көлемін есепке алу бойынша жұмыстарды жүргізеді. Заңсыз құрылыстың алдын алу, жер заңнамасын сақтау бойынша жұмыстарды үйлестіреді.ШОБ дамуына байланысты мәселелерге жетекшілік етеді, ШОБ мониторингін және тауарлар мен қызметтердің бағаларын бақылауды ұйымдастырады.Аграрлық секторды дамытуға, егілген және жайылымдық жерлерді пайдалануға байланысты мәселелерге жетекшілік етеді.Көрсеткіштер мен бекітілген индикаторлардың уақтылы орындалуын, ауылдық округтің паспортын толтырудың дұрыстығы мен уақтылығын бақылайды. Ауылдық округі әкімінің құзыретіне байланысты айыппұлдардың салынуын бақылауды жүзеге асырады. Ауылдық округ әкімінің тұрғындар алдындағы есептерін, нәтижелерін шығаруды, тұрғындардың өтініштерін, өтініштері мен ұсыныстарын орындау бойынша іс-шаралар дайындауды ұйымдастырады.Мерекелік іс-шаралардың өткізілуін жоспарлайды және бақылайды. Құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл жасайды. Уақтылы есеп беруді және мемлекеттік қызмет стандарттарының сақталуын қадағалайды.Азаматтарды қабылдау бойынша жұмысты жүзеге асырады.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі: Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім.Мамандығы: Жалпы.
Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың болуы. «Қазақстан – 2050» Стратегиясын, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.
3. Қордай ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, E-G-3 санаты, 1 бірлік № 01-08, (лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарын есептегенде 195 549 теңгеден бастап 224 624 теңгеге дейін).
Функционалдық міндеттері: Қызметкерлерге демалыстар берудің есебін жүргізеді, кезекті еңбек демалыстары кестелерін жасауға және олардың сақталуына бақылауды жүзеге асырады.Ауылдық округі әкімінің бухгалтерлік есепке қатысты өкім шешімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді.Ай сайынғы тоқсандық, жылдық есептерді уақтылы ұсынуды қамтамасыз етеді. Бухгалтерлік есепті өз уақтысында сапалы деңгейде өткізуге жеке жауапты. Жергілікті атқарушы органдардың жұмыс тиімділігін бағалау жөніндегі жұмысты жүргізеді. Ауылдық округі әкімінің штаттық кестесін және әкімшілік басқармасының шығыс сметасын дұрыс жүзеге асырады.Ауылдық округі әкімінің бухгалтерлік есеп құжаттарына кассалық және заттық шоттарына жауапты. Ай сайынғы тоқсандық, жылдық және статистикалық есептерді уақтылы ұсынуды қамтамасыз етеді. Қызметкерлерге қатысты төлемдерді жүргізу, есептеу. Мемлекеттік сатып алудың жоспарын құру ол бойынша жұмыстарды жүргізу орындалуын бақылау. Бюджеттік өтінімді дайындау және өткізу. Қызметкерлердің еңбек демалыстарын есептеу және демалысқа шығуын бөлу.Айлық көрсеткіштерін, медициналық сақтандыруды және жұмыс тәжірибесін есептеп дұрыс төлемдер жүргізілгені туралы ай сайын мониторинг жүргізу. Азаматтардың арыз шағымдарын қарау, зерделеп ҚР Заңдарында белгіленген уақытта жауабын беру. Басшының немесе орынбасарының қызмет бабындағы тапсырмаларын уақытылы орындау және орындалғаны туралы хабардар ету. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп туралы заңнамасына сәйкес шаруашылық және қаржы қызметін есепке алуды ұйымдастыруға жауапты. Материалдық және қаржылық ресурстардың үнемді пайдаланылуын, мемлекеттік меншіктің сақталуына жауапты. Мүліктің, міндеттемелердің және шаруашылық операциялардың, кіретін негізгі құралдардың, тауарлық-материалдық құндылықтардың және ақша қаражаттарының есебін ұйымдастырады, олардың қозғалысына, өндіріс пен бөлу шығындарының есебіне, шығындар сметасын, жұмыстардың (қызметтердің) орындалуына байланысты бухгалтерлік операциялардың шоттарын уақытылы көрсетуге, қаржылық нәтижелер, сондай-ақ қаржылық, есеп айырысу және несиелік операциялардың жүргізілуіне жауапты. Қаражаттың кірісі мен жұмсалуы, бюджеттің, өзге де бухгалтерлік және статистикалық есептің пайдаланылуы туралы бухгалтерлік баланс пен жедел жиынтық есептердің дайындалуын, белгіленген тәртіпте тиісті органдарға ұсынылуын қамтамасыз етеді.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі: Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім. Мамандығы: экономика немесе қаржы немесе есеп және аудит.
Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың болуы. «Қазақстан – 2050» Стратегиясын, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.
4. Қордай ауданы Сарыбұлақ ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, «E-G-3» санаты, 1 бірлік, № 01-03, (лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарын есептегенде 226 837 теңгеден бастап 260 564 теңгеге дейін).
Функционалдық міндеттері: Номенклатураға сәйкес қызметкерлердің біліктілігін жоғарылату және оларды қайта даярлау бойынша есеп жүргізеді.Мемлекеттік, облыстық, аудандық терроризим, экстремизм, дін саласына қатысты бағдарламаларының орындалуын қамтамасыз етіп, арнайы құрылған комиссияларының жұмыстарын ұйымдастыру.Мәдениет саласы және тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы бойынша жалпы жұмыстарды ұйымдастыру.Денсаулық сақтау саласына қатысты жұмыстарды үйлестіру.Еңбек заңнамасына, ережелерге, басшылықтың өкімдері мен бұйрықтарына, сондай-ақ кадрлар бойынша белгіленген басқа құжаттамаға сәйкес қызметкерлерді жұмысқа қабылдауды, басқа жұмысқа ауыстыруды және жұмыстан босатуды рәсімдейді.Шығыс корреспонденцияларын тіркейді және корреспонденциялар мен телеграммаларды почта арқылы жіберуді, кіріс құжаттарын дайындауды жүргізеді. Шығыс, кіріс құжаттарының айналымы бойынша талдама жасайды. Жоғары органдардан келіп түскен кіріс құжаттарының орындалуын бақылауға алып, жауаптарын уақытында жолдайды. Жергілікті атқарушы органдардың жұмыс тиімділігін бағалау жөніндегі жұмысты жүргізеді. Ауылдық округі әкімі аппараты қызметкерлерінің тізімін құрайды. Қызметкердің сандық және сапалық құрамы туралы ақпарат дайындайды, оның уақтылы жаңартылуын және толықтырылуын қадағалайды.Адам саудасына байланысты қылмысқа қарсы күрес, оны болдырмау және алдын алу бойынша, заң бұзушылықты жою бойынша прокуратураның, соттың ұсыныстары мен наразылықтары, нашақорлық пен есірткі бизнесіне күрес жұмыстары, тұрғындарды құқықтық ақпараттандыру, құқықтық мәдениетті қалыптастыру, құқықтық оқыту және тәрбиелеу мәселесі бойынша жұмыстарды жүргізеді. Іс қағаздардың, жалпы құжат айналымын мемлекеттік тілде жүргізілуін қамтамасыз етеді. Кіріс, шығыс құжаттарын тіркеу бойынша жұмысты жүргізеді. Округ тұрғындарына анықтамаларды беру және тіркеу бойынша жұмысты жүргізеді. Елтаңбалы бланктерді тіркеу бойынша жұмысты жүргізеді.Ауылдық округі әкімінің өкімдерін шығарып, заңдылығын бақылап, жүзеге асырады.Бұқаралық ақпарат құралдарына мерзімдік жазылу науқаны бойынша жұмыстарды ұйымдастыру.Жалпы құжат айналымы, электронды құжат айналымы үдерісі, Істер номенклатурасын әзірлеу және мұрағатқа істерді дайындап, өткізуге құжаттарды рәсімдеу жұмыстарын жүргізеді. Архив құжаттарын ведомстволық архивке қабылдауы, сақтауы, есепке алуы және пайдалануы бойынша жұмыстарды жүргізу.Дене шынықтыру және салауатты спорт саласына жетекшілік етіп, іс-шара жұмыстарын ұйымдастырады. Президенттің, Үкіметтің, облыс және аудан әкімінің актілерінің орындалуына жалпы бақылауды жүзеге асыру бойынша жұмыстар жүргізеді.Мерекелік іс-шараларды ұйымдастыру жұмыстарымен айналысады.Азаматтарды қабылдау бойынша жұмысты жүргізеді. Елді мекендерде көктемгі, күзгі абаттандыру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру. Жергілікті атқарушы органдардың жұмыс тиімділігін бағалау жөніндегі жұмысты жүргізеді. Көп балалы аналарды «Алтын алқа» және «Күміс алқа» белгілеріне ұсыну жұмыстарын ұйымдастыру.Автоматтандырылған «Сайлаушы» сайлау жүйесі бойынша және аумақтық сайлау комиссиясымен байланысты жұмыстарды жүзеге асыру.Еңбек заңнамасына, ережелерге, басшылықтың өкімдері мен бұйрықтарына, сондай-ақ кадрлар бойынша белгіленген басқа құжаттамаға сәйкес қызметкерлерді жұмысқа қабылдауды, басқа жұмысқа ауыстыруды және жұмыстан босатуды рәсімдейді.Басшының немесе орынбасарының қызмет бабындағы тапсырмаларын уақытылы орындау және орындалғаны туралы хабардар ету.Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары бойынша есептерді уақтылы ұсынуды қамтамасыз етеді.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі: Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім. Мамандығы: Жалпы.
Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың болуы. «Қазақстан – 2050» Стратегиясын, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.
5. Сарыбұлақ ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, E-G-3 санаты, 1 бірлік № 01-04, (лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарын есептегенде 226 837 теңгеден бастап 260 564 теңгеге дейін).
Функционалдық міндеттері: Жер заңнамасына байланысты жұмыстарды үйлестіреді. Жер бөлуге, шекараларын белгілеуге, жер дауларын шешуге байланысты жұмыстарды үйлестіреді.Жергілікті атқарушы органдардың жұмыс тиімділігін бағалау жөніндегі жұмысты жүргізеді.Ауылдық округ аумағындағы жер мәселелері бойынша материалдар, ақпараттар дайындау, жер учаскесін алуға азаматтардың тізімін жүргізу және орындалуын қадағалау.Құқық қорғау органдары мен жергілікті полиция қызметі бойынша жұмысын қадағалау, үйлестіру. Құқық бұзушылық пен жасөсіпірімдермен жұмыстарды жүргізу. Сарыбұлақ ауылдық округінің төлқұжатын дайындайды.Ай сайынғы тоқсандық, жылдық есептерді уақтылы ұсынуды қамтамасыз етеді.Президенттің, Үкіметтің, облыс және аудан әкімінің актілерінің орындалуына жалпы бақылауды жүзеге асыру бойынша жұмыстар жүргізеді. Азаматтарды қабылдау бойынша жұмысты жүргізеді. Азаматтардың өтініш-тілектері мен арыз шағымдары бойынша айлық, тоқсандық талдама жасау, ҚР Бас прокуратурасының «ЕУОЛ» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі бойынша әр ай сайын аудандық мемлекеттік органдар мен мекемелерден түскен өтініш-арыздардың статистикалық есебін әзірлейді. Ауылдық округі әкімінің шешімдерінің шығарып, заңдылығын бақылап, жүзеге асырады. Ішкі істер бөлімі есебінде тұрған жағдайы жоқ жанұя балалары мен қиын жасөспірімдермен жүргізілген жұмыстарды ұйымдастыру.Ауылдық округтегі аз қамтылған отбасыларына атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі іс-шараларды және бірыңғай жиынтық төлемі бойынша жұмыстарды жүзеге асырады. Денсаулық сақтау саласы бойынша жұмыстарды ұйымдастыру. Елді мекендерде көктемгі, күзгі абаттандыруды ұйымдастыру. «Е-қызметі», «Е-халық» және «Е-Лицензия» бағдарламалары бойынша жұмысты жүргізу.Ауылдық округі әкімінің халық алдында есеп берудегі айтылған ескертулер мен ұсыныстар бойынша іс-шаралар дайындау, олардың іске асырылуына ықпал жасау, қорытындылау. Әйелдер кеңесі ұйымдарының жұмыстарын жүргізу. Аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне күнделікті есебін тапсырады, жұмыссыздық жүйесін жетілдіру бағдарламасының орындалуына жауапты. Әлеуметтік саласын жетекшілік етеді. Мерекелік іс-шараларды ұйымдастыру жұмыстарымен айналысады.Аудан әкімдігі бөлімдердің арасындағы белгіленген межелердің орындалуын қадағалап, қамтамасыз ету. Басшының не орынбасарының берілген қызмет бабындағы тапсырмаларын уақытылы орындау.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі: Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім. Мамандығы: Жалпы.
Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың болуы. «Қазақстан – 2050» Стратегиясын, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.
Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:
1) Өтініш;
2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтік тізімі (бұдан әрі – Қызметтік тізім);
3) білімі туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшірмелері;
«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.
«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген білімі туралы құжаттарға «Халықааралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.
Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын білімі туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі.
Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттың (осы Қағидалардың 79-тармағында көрсетілген адамдарды қоспағанда):
1) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың;
2) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы қорытындының бар болуын тексереді.
Осы Қағидалардың 76-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі.
Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.
Жалпы конкурсқа қатысу үшін мемлекеттік қызметші және Заңның 27-бабы 8-тармағы бірінші бөлігінде көрсетілген адам келесі құжаттарды тапсырады:
1) Өтініш;
2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжат тапсырғанға дейін бір айдан аспайтын уақытта расталған қызметтік тізім.
Құжаттардың толық пакетін қолма-қол тәртіпте немесе почта арқылы тапсырған кандидаттарға конкурс комиссиясының хатшысы осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдау туралы қолхатты береді.
Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну комиссияның хатшысымен оларды қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Құжаттардың толық пакетін электрондық түрде электрондық почта мекенжайына тыпсырған кандидаттарға қолхат электрондық түрде кандидаттың электрондық почта мекенжайына жолданады.
Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Құжаттарды қабылдау мерзiмi конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінің келесі жұмыс күнінен бастап 7 жұмыс күннің ішінде мына мекен-жай бойынша тапсырылуы тиіс: Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Қордай ауылы, Төле би көшесі, 106, (20,29- жұмыс кабинеттері).
Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда құжаттардың түпнұсқасы немесе нотариалдық куәландырылған көшірмелері әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.
Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) жұмыскерлері қатыса алады.
Конкурс өткізу барысында сарапшыларды шақыруға жол беріледі.
Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның жұмыскері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар адамдар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасы Парламентінің және мәслихаттардың депутаттары қатыса алады.
Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін, құжаттарды қарау қорытындысы бойынша әңгімелесуге жіберілген үміткерлер, әңгімелесуге жіберілгені туралы хабар алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Қордай ауылы, Төле би көшесі, 106, мекен-жайда орналасқан Қордай ауданы әкімінің аппаратында әңгімелесуден өтеді.
Аталған лауазымды иеленген тұлғалар үшін кеткен шығындар (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) төленбейді, тұрақтанатын жер және жеңілдіктер ұсынылмайды.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар конкурс комиссиясы шешiмiмен келіспеген жағдайда, шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде уәкiлеттi органға немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде шағымдана алады.