Қордай аудандық мәслихаты аппараты бойынша бос тұрған мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарлама

0

Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары:
E-4 санаты бойынша:
білімі – құқық саласындағы жоғары немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Жамбыл облысы Қордай аудандық мәслихаты аппараты бос тұрған «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс жариялайды:
Индекс 080400, Қордай ауылы, Төле би көшесі №106, 1 қабат, 11 кабинет, телефон: 8 (72636) 2-10-59, электрондық почта: korday_maslihat@mail.ru
Қордай ауданық мәслихаты аппаратының заңгер- бас маманы, E-4 cанаты, 1 бірлік, №01-04, (негізгі қызметкердің балаға күтім жасау мерзіміне 2023 жылдың 31 қазанына дейін), (лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарын есептегенде 195549 теңгеден бастап 224624 теңгеге дейін).
Функционалдық міндеттері:Аудандық мәслихат хатшысының және аппарат басшысының тапсырмаларын уақтылы әрі сапалы орындалуын қамтамасыз етеді. Аудандық мәслихатының шешімдерінің жобаларына құқықтық сараптама жасап, қол қоюды ұйымдастырады, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына қатысты нормалары бар шешімдерді Әділет органдарынан мемлекеттік тіркеуден өткізеді, оны алған соң баспасөзде жариялануын қамтамасыз етеді. Нормативтік құқықтық кесімдерге тұрақты түрде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мониторинг жүргізеді, аудандық мәслихаттың шешімдерінің, аудандық мәслихат хатшысының өкімдерінің және тұрақты комиссиялардың қаулыларының заң талаптарына сай рәсімделуін қамтамасыз етеді. Аудандық мәслихат аппаратында құқықтық оқытуды ұйымдастырады. Қазақстан Республикасының қолданыстағы барлық заңнамалары бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізеді, қажет болған жағдайда сот процестеріне қатысады.
Белгіленген мерзімде аудандық мәслихат сессиясының жүргізілу тәртібін, сессияға енгізілген мәселелерді дайындауды және олар бойынша шешім жобаларын әзірлеп, депутаттарға жіберуді қамтамасыз етеді. Аудандық мәслихаттың шешімдері мен тұрақты комиссиялардың қаулыларының орындалу барысын қадағалайды, оларды мәслихат хатшысына хабарлап отырады.
Аудандық мәслихат депутаттары мен тұрақты комиссияларға өздерінің қызметтерін жүзеге асыруда тәжірибелік және әдістемелік көмектер көрсетіп, олардың ауылдық округ әкімдерімен, мемлекеттік органдармен, ұйымдармен, жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен және қоғамдық бірлестіктермен өзара байланысына жәрдемдеседі.
Сайлау комиссияларының құрамын әзірлейді, оларға өзгерістер енгізу жұмыстарын ұйымдастырады.
Мәслихат аппаратының тәртіптік комиссиясының жұмысын ұйымдастырып, оның іс қағаздарын жүргізеді. ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» туралы Заң талаптарын орындалуына жауапты.
«Депутаттарға көмек» әдістемелік бөлмесінің жұмысын ұйымдастырып, жүргізеді. Тұрақты комиссиялармен депутаттардың іс-тәжірибелерін зерделеп жинақтайды, сессия шешімдерінің және тұрақты комиссиялардың қаулыларын, хаттамаларын нақтылап, мемлекеттік тілде түзуді қамтамасыз етеді. Депутаттардың ұсыныстары мен сын-ескертпелерін талдайды, олардың қорытындылары бойынша мәслихат хатшысына ұсыныстар енгізеді.
Қабылданған нормативтік-құқықтық актілерін облыстық Әділет Департаментінде тіркелуін қамтамасыз етеді. Құқық мәселелері туралы анықтамалар, ақпараттар дайындайды.
Аудандық мәслихат аппаратындағы мемлекеттік қызметкерлердің әскери есебін және әскери міндеттілігі жөнінде жұмыстарды, техника қауіпсіздігі ережелерін, өрт қауіпсіздігі туралы құжаттарды жүргізеді.
Аудандық мәслихаттың облыстық әділет департаментінен мемлекеттік тіркеуден өтетін шешім жобаларын әзірлеп, «Ашық нормативтік құқықтық актілер» порталында уақытында енгізеді.
Мемлекеттік сатып алу веб-порталын заң талаптарына сәйкес жұмысын жүргізеді.
Аудан әкімінің аппараты мен аудан әкімдігінің бөлімдерімен тығыз жұмыс жасайды. Оларға тұрақты комиссия мен сессия отырыстарының болатынын хабарлап, олардың қатысуын қамтамасыз етеді.
№2, №8, №9, №12, №15, №16 сайлау округтерінің депутаттармен тығыз байланыста болып, жұмыстар атқарады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Білімі: Құқық саласындағы жоғары немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім.
Мамандығы: Құқықтану.
Қазақстан Республикасының заңдылықтары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік — құқықтық актілерді білу.
Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және жеке құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік құзыреттіліктері бойынша жоғары балл немесе қатерлі аймақтан төмен емес.
«Қазақстан – 2050» Стратегиясын, ҚР «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы», «Кеден ісі туралы» Кодекстерін, Еңбек Кодексін және функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерін білу.
Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:
1) Өтініш;
2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі (бұдан әрі-Қызметтік тізім);
3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;
«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.
«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға «Халықааралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.
Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;
Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттың (осы Қағидалардың 79-тармағында көрсетілген адамдарды қоспағанда):
құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың;
қонкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы қорытындының бар болуын тексереді.
Осы Қағидалардың 76-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі.
Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.
Жалпы конкурсқа қатысу үшін мемлекеттік қызметші және Заңның 27-бабы 8-тармағы бірінші бөлігінде көрсетілген адам келесі құжаттарды тапсырады:
Өтініш;
тиісті персоналды басқару қызметінен құжат тапсырғанға дейін бір айдан аспайтын уақытта расталған қызметтік тізім.
Құжаттардың толық пакетін қолма-қол тәртіпте немесе почта арқылы тапсырған кандидаттарға конкурс комиссиясының хатшысы осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдау туралы қолхатты береді.
Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну комиссияның хатшысымен оларды қабылдаудан бас тарту үшін негіз болып табылады.
Құжаттардың толық пакетін электрондық түрде электрондық почта мекенжайына тапсырған кандидаттарға қолхат электрондық түрде кандидаттың электрондық почта мекенжайына жолданады.
Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Құжаттарды қабылдау мерзiмi конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінің келесі жұмыс күнінен бастап 7 жұмыс күннің ішінде мына мекен-жай бойынша тапсырылуы тиіс: Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Қордай ауылы, Төле би көшесі,106, (11 жұмыс кабинеті).
Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда құжаттардың түпнұсқасы немесе нотариалдық куәләндырылған көшірмелері әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.
Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі-уәкілетті орган) жұмыскерлері қатыса алады.
Конкурс өткізу барысында сарапшыларды шақыруға жол беріледі.
Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның жұмыскері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар адамдар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасы Парламентінің және мәслихаттардың депутаттары қатыса алады.
Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін, құжаттарды қарау қорытындысы бойынша әңгімелесуге жіберілген үміткерлер, әңгімелесуге жіберілгені туралы хабар алған күннен бастап үш жұмыс күн ішінде Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Қордай ауылы, Төле би көшесі,106, мекен-жайда орналасқан Қордай аудандық мәслихатының аппаратында әңгімелесуден өтеді.
Аталған лауазымды иеленген тұлғалар үшін кеткен шығындар (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) төленбейді, тұрақтанатын жер және жеңілдіктер ұсынылмайды.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар конкурс комиссиясы шешiмiмен келіспеген жағдайда, шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде уәкiлеттi органға немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде шағымдана алады.
*(Ескерту: Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің 100 бабына сәйкес, бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалақы сақталмайтын демалыс аяқталғанға дейін жұмысқа шыққан жағдайда жұмыскер жұмыс берушіге өзінің ниеті туралы жұмыс басталғанға дейін бір ай бұрын ескертуге міндетті).

Leave A Reply

Your email address will not be published.