Еңбегінен ел таныр

0

Гвардейск гарнизонында жол-пайдалану учаскесі ауқымды жұмыстар атқаруда.

Мекеме басшысы Төлеген Сейдековтың басшылығымен гарнизонда маңызды жұмыстар атқарылуда. Атап айтқанда әскери қалашықта, әскери бөлімдер мен мекемелерде, оқу-жаттығу полигондарында, әскери объектілердегі автомобиль жолдары мен мектеп және тұрғын үйлердің алдындағы жолдар жаңартылып, қалпына келтірілуде.
24-ші жол-пайдалану учаскесі – 1980 жылы 22-ші сәуірде құрылған болатын. Айтулы мекеме – Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің объектілеріне автомобиль жолдары мен әуеайлақтарды салу, жөндеу және күтіп ұстау жұмыстарын жүргізуге арналған. Әскерлердің жауынгерлік қабілетін қамтамасыз ету үшін әскери жүктер мен жеке құрамды межелі орындарына үздіксіз жеткізуге автомобиль жолдарын салады. Әскери техникалардың тәулік бойы жүрудегі қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
– Біздің қызметкерлер өз істерінің кәсіби шебері. Олар өздеріне жүктелген жұмыстарды белсене атқаруда. Әсіресе «Айбалта-2022», «Эшелон-2022», «Іздеу-2022» оқу-жаттығуларында көп жұмыстар жасалды. Біз, алдағы уақытта сапалы жұмыстар атқарып, Қарулы күштеріміздің дамуына үлесімізді қосамыз, — деді мекеме басшысы Төлеген Сейдеков.

Гвардейск гарнизонының
баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.