Бір шаңырақтан – бір сапқа

0

Әскер – әр азаматтың мінезін шыңдайтын, жауапкершілігін арттыратын өмір мектебі. Ал осы жолды туған бауырыңмен бірге өткеру – екінің біріне бұйыра бермейтін мүмкіндік.

Бүгінде Гвардейск гарнизонының әскери бөлімдерінде алты жұп егіз ағайынды әскери қызмет өткеріп жүр. Мұндай ерекше жағдай тек гарнизон көлемінде ғана емес, жалпы Қарулы күштер қатарында да сирек кездеседі.

Туған бауырдың жанында болуы жас сарбаздарға жаңа ортаға тез бейімделуге, әскери өмірдің талаптарына үйренуге және күнделікті қызметтің қиындығын жеңіл еңсеруге көмектеседі. Егіздер бір-біріне тірек болып, кез келген тапсырманы бірлесіп орындауға тырысады. Бұл олардың жауапкершілігін арттырып қана қоймай, жауынгерлік рухын да нығайта түседі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.