ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

0

8 КҮННЕН КЕЙІН, ЯҒНИ 20 ҚАРАШАДА ЕЛ ҮШІН АСА МАҢЫЗДЫ ОҚИҒА – ҚР ПРЕЗИДЕНТІ САЙЛАУЫ ӨТЕДІ. АТАЛМЫШ САЯСИ НАУҚАН БҮКІЛ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ-ТАРДЫҢ БОЛАШАҒЫН АЙҚЫНДАП, МЕМЛЕКЕТТІҢ ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒДАРЫН БЕЛГІЛЕУІ ТИІС.
Қазіргі таңда үміткерлер азаматтарды өз бағдарламасымен таныстырып, бүкіл ел бойынша сайлауалды үгіт жұмыстары жүргізілуде. Жасалған таңдау бұл науқанның нәтижесі болмақ. Сайлауды өткізу үшін сайлау учаскелерінде ауқымды дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Дауыс беру орны мен уақыты туралы аумақтық учаскелік комиссиялар азаматтарға дауыс беру күніне дейін кем дегенде 10 күн бұрын хабаралуы тиіс. Аумақтық учаскелік комиссия өкілдерінің айтуынша, Қордай ауданындағы сайлау учаскелері толығымен дайын. Президент сайлауының алдында сайлаушылар тізімі жасақталып, үй-үйді аралау жұмыстары жүргізіліп, шақырулар таратылды.
Айта кетсек, ауданда 54 сайлау уческесі бар. 10 қараша күні аудан басшысы Мәден Мұсаев, орынбасары Елдос Нұралиевпен бірге аудандық сайлау учаскелерін аралап, маңызды саяси науқанға дайындықты пысықтады.
Бірінші кезекте Қайнар ауылындағы 254 сайлау учаскесіне барған аудан басшысы жауапты тұлғалармен кездесіп, дайындық барысы жөнінде біліп, өз ұсыныстарын айтты. Содан кейін, Мәден Тоқтарбайұлы «совхоз» аумағында орналасқан барлық сайлау учаскелерінде болды.
Аудан әкімі комиссия құрамдары мен кезекшілермен танысты. Сайлау учаскелеріне қатысты ешқандай ескертулер айтылған жоқ.
Аудан басшысы бұл оқиғаның маңыздылығын атап, сайлау учаскелерінің төрағаларына сайлаушылардың белсенді дауыс беруін қамтамасыз етуге бағытталған жұмысқа аса назар аударуды тапсырды.
Шолпан САБАНОВА

Leave A Reply

Your email address will not be published.