Ағымдағы жылдың 20 қазаны мен 19 қарашасы аралығында Жамбыл облысы Қордай ауданы полиция бөлімімен «БРОКОНЬЕР» жедел-профилактикалық іс шарасы өтуде. Оның мақсаты, аң аулауға тыйым салынған жерлерде экологиялық қылмыстардың алдын алу және броконьерлік әрекеттердің жолын кесу, су биоресурстарын қорғау жөніндегі профилактикалық және жедел іздестіру іс шараларын өткізу болып табылады.