УЧАСКЕЛЕР САҚАДАЙ САЙ

0

Бүгінгі күнге Қордай ауданындағы сайлау учаскелері 20 қараша күні болатын айтулы күнге сақадай сай. Аудан бойынша жалпы 54 сайлау учаскелері қажеттінің барлығымен қамтамасыз етілген. Маңызды науқанға дейін 5 күн қалды. Аудан тұрғындары өз азаматтық ұстанымдарын білдіруі үшін учаскелік комиссиялар үй-үйді аралап, шақыртулар таратып, ақпараттық плакаттар орналастырды, тұрғындарды сайлауға шақыру бойынша қарқынды жұмыс қазір аяқталуға жақын.

Естеріңізге сала кетсек, өткен аптада аудан басшысы Мәден Мұсаев «совхоз» аймағының сайлау учаскелерінің жұмысын пысықтаған болатын. 14 қараша күні аудан басшысы орынбасары Дамира Сүгірбай, Қордай ауылдық округінің әкімі Бахыт Сахатов пен аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Асылбек Сырлыбаевпен бірге Қордай ауылындағы сайлау учаскелерін түгел аралап шықты. Ең алдымен №234 учаскеге барған Мәден Мұсаев дайындық барысымен танысып, өз ұсыныстарын енгізіп, жауапты тұлғаларға дауыс берушілердің белсенділігін қамтамасыз етуді тапсырды.
20 қараша күні сайлау учаскелері ертеңгі сағат 7-ден кешкі сағат 20.00-ге дейін ашық болады. Қордайлықтардың өз таңдауын жасауға барлық жағдай қарастырылған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.