Қордай ауданының 2022 жылғы қаңтар–қазан айларындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы

0

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ. Ауданда ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірумен негізінен шаруа қожалықтары мен жұртшылық шаруашылықтары айналысады. Есепті мерзім ішінде төрт түліктің барлық түрінің өнімдерін қоса есептегенде 12703,8 тонна ет, 54737,8 тонна сүт, 17584,7 мың дана жұмыртқа өндіріліп, өткен жылғы сәйкес кезеңдегімен салыстырғанда 172,8 тонна ет, 273,5 тонна сүт, 20,3 мың дана жұмыртқа артық өндірілді. Мал басы өз төлдері есебінен көбейту арқылы мүйізді ірі қара мал саны 77379 басқа, қой 446410 басқа, ешкі 12801 басқа, жылқы 17477 басқа, үй құстары 135573 басқа жетіп, өткен жылғы есепті мерзімдегімен салыстырғанда ірі қара мал 12372 басқа, жылқы 106 басқа, ешкі 612 басқа азайып, қой 83 басқа, үй ҚҰСТАРЫ 11585 БАСҚА КӨБЕЙГЕН.
ӨНЕРКӘСІП ӨНДІРІСІ. 2022 жылғы қаңтар-қазанда өнеркәсіп кәсіпорындарымен (шағын кәсіпорындар, қосалқы өндіріс және үй шаруашылықтарын қосқанда) 23586,1 млн. теңгенің өнеркәсіп өнімдері өндірілді. Өнеркәсіптік өндірістің индексі 2021 жылғы сәйкес кезеңге 103,9%-ды құрады.
ИНВЕСТИЦИЯ. Құрылыс. Аудан бойынша осы кезеңде негізгі капиталға салынған инвестициялардың көлемі – 53047966 мың теңгені, құрылыс жұмыстарының көлемі – 22613237 мың теңгені құрады.
БӨЛШЕК САУДА. Есепті мерзім ішінде ауданда бөлшек сауданың көлемі 24981497 мың теңгені құрап, оның ішінде азық-түлік тауарлары 7550689 мың теңгеге, азық-түлік емес тауарлары 17430808 мың теңгеге сатылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.