Жамбыл облысы қылмыстықатқару жүйесі департаменті мен Полиция департаменті бірлесіп, аумақтық «Профилактикалық» атты жедел – профилактикалық іс-шара өткізуде. Осыған орай Қордай аудандық пробация қызметі бөлімінің 2022 жылдың қараша айының 14-26 жұлдызы аралығында Қордай ауданы полиция бөлімімен өз ара бірлескен жоспарына сай пробация қызметінің есебінде тұрған бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаға сотталған адамдар тарапынан жасалатын құқық бұзушылықтардың және қылмыстың қайталануының алдын алу, және азаматтар арасында сенімді қатынас орнату, сондай-ақ, халық арасында ішкі істер органының имиджі мен беделін көтеру мақсатында Қордай аудандық Пробация қызметі күшейтілген түрге көшірілді.
2022 жылдың есептік кезеңінің сонында 150 сотталған есепте тұрды.
Пробация қызметінің есебінде тұрған 150 сотталғанды тұрғылықты мекен-жайы бойынша Қордай ауданы ішкі істер бөлімінің, жергілікті полиция қызметінің, учаскелік полиция өкілдерімен бірлесіп қылмыстың алдын
алу мақсатында тексеріс жүргізіліп, Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі
комитетінің Ақпараттық сервис арқылы әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылық туралы мәліметтер тексерілді.
Сотталғандардың тарапынан жаза өтеу тәртібін өрескел бұзған 4 сотталғанға қатысты ескерту жарияланып, 1 сотталғанның ісқұжаттары Қордай аудандық сотына сынақ мерзімі ұзартуға ұсыным жолданса, 2 сотталғанды бас бостандығынан шектеу жазасынан, бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру үшін ұсыным жолданды.
Ғ.АБДИРАЗАКОВ,
Қордай ауданы пробация қызметінің
бастығы, әділет майоры