ПАРТИЯНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ОРЫНДАЛУ БАРЫСЫ

0

30 қараша күні «AMANAT» партиясының Қордай аудандық мәслихатындағы депутаттық фракциясының отырысы өтті. Жиынды «AMANAT» партиясының Қордай аудандық мәслихатындағы депутаттық фракциясы жетекшісі Мырзағали Күзербаев кіріспе сөзбен ашып, күн тәртібімен
таныстырды.

Фракция отырысының күн тәртібіне екі сұрақ шығарылып, талқыға түсті. Біріншісі — «AMANAT» партиясының Қордай ауданы бойынша сайлауалды бағдарламасының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, мүмкіндігі шектеулі жандарға жағдайлар жасау салаларына қатысты 2022 жылға арналған көрсеткіштерінің орындалуы туралы Қордай ауданы әкімінің орынбасары Дамира Сүгірбай баяндама жасады.
Дамира Маратқызы 2022 жылдың 22 қарашасына аудан бойынша жалпы мүгедектігі бар адамдар саны 4618 екенін айтып, олардың қаншасы қай топқа жататыны туралы нақтылап берді. Осы орайда мүгедектігі бар адамдарға қандай қолдаулар жасалып жатқаны, бөлінген қаржы көлемі туралы да көлемді баяндама жасалды. Оның ішінде үйде оқыту шығындары, міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету, жеке көмекшілер мен ымдау тілі қызметі, компенсаторлық құралдар алу, үйде арнаулы әлеуметтік көмектер көрсету, санаторий-курортттық емделуге жіберу, протез-ортопедиялық құралдармен, кресло-арбалармен қамту мәселелеріне нақты тоқталып өтті.
Баяндамашы «AMANAT» партиясының Қордай ауданы бойынша сайлауалды бағдарламасының 84, 85 тармақтарын орындау бойынша да атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, жоспарланған нысандардың жайы туралы айтып өтті.
Фракция отырысындағы екінші сұрақ — аудандық мәслихат депутаттары, фракция мүшелерінің сайлауалды бағдарламаларының орындалу барысы және депутаттық міндеттерін атқаруы туралы аудандық мәслихат депутаттары, фракция мүшелері С.Сидоренко, К.Увалиева баяндама жасады.
Халық қалаулылары өздеріне жүктелген міндеттерді атқару, оның ішінде қайырымдылықтан бастап түрлі мемлекеттік бағдарламалардың ауданымызда лайықты орындалуына атсалысу сынды жұмыстарды жіпке тізіп, алдағы уақытта депутаттық қызметі барысындағы белсенділіктері бәсеңдемейтіндігін жеткізді.
Жиын соңында күн тәртібіне енгізілген мәселелер қаралып, тиісті шешімдер қабылданды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.