ЖЕЛ ЭЛЕКТР СТАНЦИЯСЫ САЛЫНАДЫ

0

Жамбыл облысында қуаты 1 ГВт болатын жел электр станциясы салынады. Оған «Самұрық-Қазына», «ҚазМұнайГаз» және Францияның Total Eren компаниялары қатысады.

Францияға ресми сапармен барған Мемлекет басшысының қатысуымен өткен бүгінгі шарада Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі мен Францияның Еуропа және сыртқы істер министрлігі арасында осы тұрғыдағы мәселелер туралы Үкіметаралық келісімге қол қойылды.
Аталған жел электр станциясы 2026-2027 жылдары пайдалануға беріледі және ол еліміздегі ЖЭК нысандарының жиынтық энергия өндірісін шамамен 50 пайызға арттырады деп күтілуде.
Айта кетейік, қазіргі таңда облысымыздың аумағында 18 ЖЭК нысаны бар десек, олармен жылына 437,8 МВт электр энергиясы өндіріледі. Бұл көрсеткіш бойынша Жамбыл облысы еліміздің өңірлері арасында көш басында.

Leave A Reply

Your email address will not be published.