Eлiмiз тәуeлсiздiк aлғaннaн бeрi көптeгeн мeмлeкeттік мaңызы бaр шeшімдeр қaбылдaнып, кeмeл болaшaққa нық қaдaмдaр жaсaлып, ұлттық құндылықтaрымызды қaйтa жaңғыртып келеміз. Қазақ тілі мемлекеттік мәртебеге қол жеткізгеннен кейінгі жауапты істің бірі – латын әліпбиіне көшу болып отыр. Латын әліпбиіне көшу мемлекетіміздің рухани мәдени дамуындағы аса маңызды кезең.
2017 жылы 26 қазанда ҚР Президенті «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» жарлыққа қол қойғанын барлығымыз білеміз. Бұл жоба ғылыми талқылауларда жетілдірілген, ұшталған, нақтыланған жоба. Сол уақыттан бері ҚР Премьер Министрінің Ұлттық комиссиясы құрылып, 2025 жылға дейін кезең кезеңге бөлінген жоспар дайындалды, орфографиялық, әдістемелік, терминологиялық, техникалық және ақпараттық сүйемелдеу жөніндегі 4 жұмыс тобы құрылды. Оның құрамына тіл мамандарымен қатар басқа салалардың да мамандары тартылды. Атап айтылғандай жаңа әліпби бірден қолданысқа енбейді, тіл ғалымдары оны негізгі үш кезеңде қарастырды.
Бірінші кезең: 2018-2020 жылдaрда лaтын әліпбиінің нормaтивті-құқықты бaзaсы жaсaлып, орфогрaфияның ережелері дaйын болды.
Екінші кезең: «Ұйымдaстырyшылық және әдістемелік» деп aтaлaды. 2021-2023 жылдaрда лaтын грaфикaсын оқyғa бaғыттaлғaн түрлі семинaр тренингтер жүргізіліп, жеке кyәлік лaтын қaрпінде шығaды.
Үшінші кезең: 2024-2025 жылдaрдa мемлекеттік оргaндaр мен бұқaрaлық aқпaрaт құрaлдaры лaтын қaрпіне көшіп, қала берді барлық іс қaғaз жaңa әліпби негізінде жүргізілмек.
Байқағанымыздай, жаһандану дәуірінде қазақ тілінің латын әліпбиіне көшуі тіліміздің халықаралық дәрежеге көтерілуіне үлкен септігін тигізеді. Себебі, қазірдің өзінде 130-дан астам мемлекет латын әліпбиін пайдаланып отыр. Латын әліпбиі мен кирилл әліпбиінің басты айырмашылығы әріптерді қабылдау жүйесінде, жазу жүйесін тілге ыңғайлы етуде. Үлкен жауапкершілікті талап ететін іс болғаннан кейін, әліпби тікелей қоғаммен талқыланып, тілімізге зияны келмейтіндей аса бір сауаттылықпен құрастырылып жатыр. Латын әліпбиіне ауысудағы қазақ тілінің жазу дәстүріндегі талапқа негізделген негізгі қағиданың бірі «бір дыбыс — бір әріп». Бүгінгі беріліп отырған нұсқадағы қазақ тілінің 28 дыбысы толық қамтылған, қолданыстағы төл әріптер диакритикалық таңбалармен көрсетілген. Әліппені жетілдіруде қазақ тілінің емле ережесі де ескерілген, сонымен қатар пернетақталарда да әріптердің орналасу реті қарастырылған.
Латын әліпбиіне көшу әлемдік ғылыми және лингвистикалық кеңістікке ену үшін қажет және бұл серпіліс ұлтымыздың санасын бұғаудан босатады, қазақ халқы ежелден бері қолданып келе жатқан әліпбиге қайтарады және ұлттық санамызды жандандыруға жол ашады.
Алтынай ӘШІМХАН,
«Тілдерді оқыту орталығы» КММ қазақ тілі оқытушысы