КӨЛІКТЕГІ ӨРТ

0

2022 жылы аудан аумағында автокөліктердің өртену оқиғасы 2021 жылмен салыстырғанда өскен. Өрттің шығуына автокөлік тоқ сымдарының қысқа тұйықталуы басты себеп болған.

Жоғарыда аталған деректер қайталанбау үшін Қордай аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі және Қордай аудандық №15 өрт сөндіру бөлімі Сіздерге, төмендегідей ережені түсіндіреді.
Жанған резеңкенің, бензиннің иісі, капоттың астынан шыққан түтін жүргізушіге тек сыну туралы ғана емес, өрт болу мүмкіндігі туралы да айтады. Сонымен бірге қарсы келе жатқан көліктердің жүргізушілерінің белгі берулері байқалмаған қауіп туралы хабарлау болуы мүмкін. Төгілген бензиннен болатын қауіп өте жоғары, кейде жанармайдың лап етуі үшін гайка кілтін түсіріп алу жеткілікті.
Көліктегі синтетикалық материалдар анықталған температураға дейін шыдап, содан соң ғана жанады, оны сөндіру өте қиын. Салонда өрт басталғанға дейін де адам көліктің ішінде бір жарым минуттан көп емес отыруға болады – бұл орташа мәліметтер.
Сондықтан оттың бірінші белгілерінде көлікті тоқтатып, оталдырғыш кілтін алып, қол тежеуішіне қою керек. Егер түтін капот астынан шықса, онда оны абайлап ашу керек, оттектің келуінен оттың лап етуі мүмкін.
Өрт қауіпсіздігі ережелерімен отыны аққан және электр жүйесі бұзылған көлікті гараждың ішіне қоюға тыйым салынады.
Гаражға мынандай шек қойылады:
— күнделікті тұрмыста пайдаланатын заттарды, 20 литрден көп бензинді, 5 кг көп майлайтын материалды сақтауға тыйым салынады;
— гараждың ішінде көлікті бояуға, от және электрмен байланысты жөндеу жұмыстарына тыйым салынады;
— қозғалтқышты жылыту үшін шырақты қолдануға тыйым салынады;
— бөлшектерді керосинмен, бензинмен т.б. жанғыш заттармен жууға тыйым салынады;
— пайдаланған мұнай өнімдерді канализацияға немесе гараж аймағына төгуге тыйым салынады.
Аккумулятор батареясын қайтадан зарядтау да қауіпті — өйткені осы уақытта бос сутегі бөлінеді. Ол ауамен қосылған кезде ұшқыннан жарылуы мүмкін. Сондықтан қайтадан зарядтау кезінде ашық отты қолдануға болмайды, ал аккумуляторды клемаға берік бекіту керек.

М. ЖӘНЕЛІ, Қордай аудандық ТЖ бөлімінің бас маманы
Б.НОҒАЙБАЕВ, Қордай аудандық №15 ӨСБ қарауыл бастығы

Leave A Reply

Your email address will not be published.