Жетінші шақырылым Қордай аудандық мәслихатының ШЕШІМІ (кезектен тыс отызыншы сессия)

0

Қордай ауылы № 30-3 6 желтоқсан 2022 жыл

«Қордай ауданының Құрметті
азаматы» атағын беру туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1 тармағының 12-1) тармақшасына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Ауданның әлеуметтік – экономикалық дамуына, мемлекеттік және қоғамдық қызметіне, рухани және интелектуалдық әлеуетті дамытудағы жеткен зор жетістіктері үшін, қайырымдылық пен мейірімділікке, ұлтаралық келісім мен тұрақтылықты нығайтудағы, өндіріс, бизнес саласындағы аса жоғары нәтижелері, жеткіншек ұрпаққа рухани отаншылдық тәрбие беруге белсене араласып, қосқан үлестері үшін «Қордай ауданының Құрметті азаматы» атағы келесі азаматтарға берілсін:
1) Абдраимов Габидин Игибаевич – Қазақстан Республикасы Ішкі Істер органдарының ардагері;
2) Байтөле Болатбек Байқонысұлы – Мемлекеттік қызмет саласының ардагері, «Құрмет» орденінің иегері;
3) Двумаров Дыдыр Харсанович – Зейнеткер, білім саласының ардагері, Масанчи ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы;
4) Сатыбалдиев Жамбыл – Зейнеткер, еңбек ардагері;
5) Сейлхан Асқарбек Акылшаұлы – Мәдениет, өнер және бұқаралық ақпарат құралдары саласының ардагері, Жамбыл облыстық драма театрының артисі, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің доценті, Қазақстан Журналистер Одағының және Театр қайраткерлері одағының мүшесі, Қазақстанның Құрметті журналисі.
2. Осы шешім аудандық газет беттерінде жариялансын.

Аудандық
мәслихат хатшысы Н.Садықов

Leave A Reply

Your email address will not be published.