Бүгінгі таңда күнделікті өмірімізде терроризм сөзі үйреншікті терминге айналып бара жатқандай. Мерзімді баспасөз болсын басқа ақпарат көздері болсын терроризмге соқпай өтпейді. Бұл сөз қандай мағына береді, біздің күнделікті өмірімізде қалайша күнделікті дерлік қолданысқа ие болды, соған тоқтала кетейін. Терроризм сөзінің төркіні латын тіліндегі (terror «қорқу», «үрей»), — деген сөзден шығады. Ал терроризм «қорқыту», «үрей туғызу» деген мағынаны білдіреді. Бұл термин жалпы адамзат құқұқтарын таптайтын, оны елемейтін кез-келген топтарға айтылады. Террористер дегеніміз керісінше адамзатқа үрей туғызып, оларды қорқытуға, зорлауға дайын топ. Қазіргі таңда діни – ахуал жағдайында жалпы экстремизм деген терминге зерттеушілер ортақ бір нақты мазмұн беретін балама сөз тапқан жоқ. Бір анығы, қоғам үшін бұл – үлкен қауіпті құбылыс. Экстремизм (ехtгеmus) деген латын тілінен енген термин, сөздік мәні соңғы, шеткі деген мағынаны білдіреді, ал саяси мағынасы шектен шыққан көзқарас пен іс — әрекет арқылы ерекшеленетін күрделі әлеуметтік феномен. Сонымен қатар, бұл – тікелей немесе жанама түрде парламенттік демократияны жоққа шығаратын саяси қызмет түрі. Өкінішке орай соңғы кезде бұл терминдер көбінесе ислам дінінің ішіндегі радикалды экстремистік- террористік топтарға айтылып жүр. Зерттеушілердің сөзімен айтсақ ислам діні негізінде адам құқықтарын өте жоғары бағалайтын дін. Исламның негізгі қағидасы – «дінде зорлық жоқ» (Бақара сүресі 256 аят), яғни адам өз еркімен қай дінді ұстанса да ерікті, ешкім оны басқа дінге күштеп кіргізуге құқығы жоқ. Дінтану мамандарының негізге алған аяттың өзінде ислам дініне экстремизммен терроризм жат құбылыс екені дәлел.
Экстремизм және терроризм мәселелерінің күннен күнге өзектілігі артып отырғандықтан бұл мәселелерге деген көзқарастар мен сараптаулар, талдаулар мен болжамдар да әрқилы болып отыр.
Терроризм мен экстремизмнің табиғаты, мақсаты мен қозғаушы күші, шығу себептері, ментальдық болмысы жайында қоғамда қызу пікір таластардың жүріп жатқаны белгілі.
Діни экстремизм мен терроризмнің таралуының өсіп келе жатқан сын-қатерлері халықаралық қоғамдастықтың алаңдаушылығын тудырады. Діни экстремизм кең таралған әлеуметтік-саяси құбылыс ретінде қоғам өмірінің әр саласына өзінің кері әсерін тигізуімен ерекшеленеді. Радикалды идеялардың дамуының жаңа кезеңінің бастауы экстремистік топтардың үгіт-насихат жұмыстарының киберкеңістікке ауысу үдерісі болып табылады.
Мемлекеттік бағдарлама шеңберінде онлайн кеңістікте діни экстремизмнің алдын алу бойынша қарсы насихат және ақпараттық-түсіндіру әдістері қолданылады. Қарсы насихат жұмысы әлеуметтік желілерде жергілікті Дін істері басқармалары мен Дін мәселелерін зерттеу орталықтарының тарапынан жүргізіледі. Танымал әлеуметтік желілерге дін саласындағы өзекті мәселелер бойынша аудио-бейнематериалдар, сұрақ-жауап, діни мамандар мен сарапшылардың дәрістері, пікірлері орналастырылады. Сонымен қатар, экстремизм мен терроризм идеяларын насихаттайтын материалдарды анықтау бойынша бұқаралық ақпарат құралдарына, интернет-ресурстарға, оның ішінде әлеуметтік желілерге тұрақты мониторинг жүргізіледі.
Қазақстан Республикасының «Терроризмге қарсы күрес туралы» заында терроризм сөзіне мынадай түсініктеме берілген: «Терроризм — күш қолдану идеологиясы және халықты үрейлендіруге байланысты жеке адамға, қоғам мен мемлекетке залал келтіруге бағытталған күш қолдану және (немесе) өзге де қылмыстық әрекеттерді жасау не жасаймын деп қорқыту жолымен мемлекеттік органдарды, жергілікті өзін-өзі басқару органдарыны, немесе халықаралық ұйымдарды шешім қабылдауына әсер ету практикасы».
Қорыта айтқанда, терроризм осы заманғы саяси-әлеуметтік тамыры тереге тартатын құбылысты бірі. Оны болдырмау, алдын алу іс-шаралары да жан-жақты тере ойластыруды талап ететіні сөзсіз. Сол себепті экстремизм мен терроризм, тұтастай алғанда, халықаралық қоғамдастықтың да, сондай-ақ, атап айтқанда, біздің ел үшін нақты қауіп түрі болып табылады. Экстремизм мен терроризмнің алдын алу – біздің елдің міндеті, сондықтан азаматтық қоғам өзінің экономикалық және саяси әлеуетін нығайту үшін теорроризм атты зұлыммен бірлесіп күрес жургізу – біздің міндетіміз.
Қарасай ауылдық округі әкімінің аппараты