«ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР-СОТ ЖҮЙЕСІНІҢ БОЛАШАҒЫ»

0

Тәжірибе көрсеткендей, инновациялық технологияларды қолдану сот жұмысының тиімділігін арттырды. Соттар ашық әрі қолжетімді бола түсті.
Яғни, заманауи технологиялардың сот саласында қолданылуы сот ісін жүргізуді жеңілдетті, бюрократтық кедергілерді жойып, сот жүйесі қызметкерлерінің азаматтармен тікелей
қарым-қатынастарын азайтты, ол сыбайлас жемқорлықпен ұштасатын сұрақтардың туындамауына септігін тигізді.
«Талдау» форумын дамыту бойынша жұмысты атап өтпеуге болмайды, ол істер мен материалдар санаттарының бірыңғай классификаторын, сот практикасының қорытуларын және сот актілерінің банкін, Жоғарғы Соттың жекелеген нормативтік актілерін пайдалану негізінде қалыптастырылған.
«Талдау» біртектес сот практикасын қалыптастыруға мүмкіндік тудырады және ҚР Жоғарғы Соттың интернет-ресурсында көпшілікке қолжетімді.
Ал сот процесінің қатысушыларын сот отырысының өту орны мен уақыты туралы соттардың уақтылы хабардар ету мәселелерін шешу мақсатында Жоғарғы Сот «Гибридті электрондық почта», СМС-хабарламалар, push-хабарламалар, «Сотқа шақыру қағазы» сервистерін іске қосты.
SMS-хабарлама жөнелту арқылы сот процесінің қатысушыларын хабарландыру жүйесі, тараптарды жедел хабардар етеді, әрі пошталық хабарламалар жіберуден бас тартуға мүмкіндік береді. Осылайша пошта шығыстарына бөлінетін бюджеттік шығыстар едәуір қысқартылды.

Е.ҚЫДЫРӘЛІ,
Қордай аудандық сотының кеңсе меңгерушісі

Leave A Reply

Your email address will not be published.