СІМ БАСШЫСЫ БЕРЛИН ЕУРАЗИЯЛЫҚ КЛУБЫНЫҢ 36-ШЫ ОТЫРЫСЫНА ҚАТЫСТЫ

0

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары — Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді бастаған қазақстандық делегация Берлин Еуразиялық Клубының «Қазақстан және Германия – 30 жылдық сенімді әріптестік: Болашаққа бағдар» тақырыбындағы 36-шы отырысына қатысты.

Іс-шараға ҚР және ГФР мемлекеттік органдарының, іскер топтарының, халықаралық ұйымдардың, салалық қауымдастықтар мен сарапшылар қауымдастығының 120-дан астам өкілдері қатысты. Отырыстың ашылуында ҚР Сыртқы істер министрі М.Тілеуберді, ГФР Мемлекеттік сыртқы істер министрі Тобиас Линднер және Федералдық экономика және климатты қорғау министрлігінің парламенттік статс-хатшысы Михаэль Кельнер негізгі баяндамалар жасады.
Өз сөзінде ҚР сыртқы саяси ведомствосының басшысы Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформалардың, сондай-ақ көлік-логистикалық қуаттарды ұлғайту және сауданы ұлғайту бойынша ГФР және ЕО-мен кооперациялардың арқасында ашылатын өзара тиімді ынтымақтастық үшін бірегей перспективаларды атап өтті. «Берлин Еуразиялық клубы сияқты алаңдар бұрын — соңды болмаған турбуленттілік пен белгісіздік жағдайында біздің іс-әрекетімізді үйлестіруде маңызды рөл атқарады», — деді М.Тілеуберді.
Биыл Қазақстан мен Германия арасындағы саяси, экономикалық және мәдени байланыстарды нығайтудың тиімді құралы болып табылатын осы диалог алаңының 10 жылдық мерейтойы аталып өтілуде. Қатысушылар сауда-экономикалық байланыстарды дамыту процесінде туындайтын қиындықтарды жеңу үшін күш-жігерді кооперациялау қажеттілігі туралы келісті.
«Астана» Халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Келімбетов, «Самұрық-Қазына «ҰӘҚ» АҚ, Германия өнеркәсібі федералдық одағының, ірі неміс компанияларының өкілдері қатысқан Германия экономикасы шығыс комитетінің атқарушы директоры Михаэль Хармстың жетекшілігімен өткен панельдік пікірталас барысында ҚР мен ГФР арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық салалардың өзара іс-қимыл жай-күйі жөнінде белсенді пікір алмасты.
Қатысушылар қолда бар уағдаластықтар мен екіжақты жобаларды іс жүзінде іске асыру арқылы өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндіктерін талқылады.
Отырыс аясында Министр М.Тілеуберді ГФР СІМ Мемлекеттік министрі Тобиас Линднермен екіжақты және көпжақты күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша «сағаттарды теңестіру» үшін кездесті.
Тараптар өзара сауданың оң өсу серпінін қанағаттанушылықпен атап өтті және жаңартылатын энергия көздері, көлік және логистика, пайдалы қазбаларды өндіру және өңдеу және т.б. салаларда ынтымақтастықты одан әрі арттыру бойынша өзара іс-қимылды жалғастыру ниетін растады.
Қазақстанда неміс сутегі дипломатиясы кеңсесінің ашылуына байланысты «жасыл» сутегі өндірісінің жаңа перспективалары ашылуда, бұл екі елдің іскерлік байланыстарын сапалы жаңа деңгейге шығаруға мүмкіндік береді.
БЕК отырысы аясында Министр М. Тілеуберді «Multivac», «EMAG» және «Reimann» жетекші неміс компанияларының басшыларымен бөлек кездесулер өткізді, олардың барысында машина жасау, жиынтықтауыштар мен тораптар өндірісі, сондай-ақ қозғалтқыш жасау және станок жасау саласындағы бірлескен жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды.
Неміс бизнесмендері біздің республикамызда бірлескен ауқымды жобаларды табысты іске асыруға қызығушылық танытты.
Клуб отырысының соңында ҚР СІМ басшысы М.Тілеуберді ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың атынан Қазақстан экономикасын дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін «Knauf» компаниясының иесі Николас Кнауфқа I дәрежелі «Достық» орденін, сондай-ақ гуманитарлық байланыстар және мәдени алмасуды кеңейту үшін мәдениет қайраткері Габриэль Минцке ІІ дәрежелі «Достық» орденін салтанатты түрде табыс етті.
ҚР СІМ баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.