ГВАРДЕЙСК ГАРНИЗОНЫНДА МЕРЕКЕЛІК ШАРА

0

16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні мерекесіне орай әскери бөлімдерде салтанатты шара өтті. Шара барысында мемлекетіміздің әнұраны орындалып, бостандық пен тәуелсіздік үшін көтерілісте қаза тапқандарды еске алып, бір минут үнсіздік жарияланды. Сондай-ақ, Тәуелсіздіктің тарихы туралы айтылып, әскери бөлім командирлері мен бөлімше командирлері және сарбаздар құттықтау сөз сөйледі. Қызмет барысында өздерінің біліктілігі мен жақсы жағынан көзге түскен әскери қызметшілер мен Қарулы күштеріміздің қызметкерлері грамоталармен награтталып, оларға алғыс жарияланды. Шара соңында жеке құрам мерекелік концертті тамашалады.

Сонымен қатар, айтулы мерекеге орай 82796 әскери бөлімі спорттық іс-шара ұймдастырды. Онда әскери қызметшілер арасында шағын футболдан жарыс өтті. Жеңімпаз командаларға кубок, грамота және медаль табыс етіліп, үздік ойыншы, үздік шабуылдаушы, үздік қорғаушы, үздік қақпашы номинациясының иегерлері грамотамен марапатталды.
Тәуелсіздік – бұл ата-бабаларымыздың сан ғасырлар бойы еркіндікті аңсаған арманы. Тәуелсіздік күні мерекесін қазақ халқы жүрегімен сезінуі керек. Жаңа Қазақстанның бүгінгі құдіретті күші – ел бірлігінде. Қазіргі жастарымыз осыны ұғынуы тиіс, – деп атап өтті Гвардейск гарнизонының бастығы полковник Ержан Мейрманов.

Leave A Reply

Your email address will not be published.